{metadescription}
«Қажылыққа апарамын». Турфирма басшысы сотталды
«Қажылыққа апарамын». Турфирма басшысы сотталды

«Қажылыққа апарамын». Турфирма басшысы сотталды

Шымкентте қажылыққа апарамын деп мыңнан астам адамды сан соқтырған турфирма басшысы сотталды. «Кәусар Трэвел» компаниясының директоры Медет Мұратбайұлы алаяқ деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оған алдандық деп арыз жазғандардың саны 1300 адам болғанымен жәбірленуші деп 245 адам танылған. Олар туристік фирмаға 254 миллион теңге беріпті. Ал сотталушының өзі қыруар қаржыны экс-мәжілісмен Бекболат Тілеуханға бердім деп отыр. Жәбірленушілер де осы компанияны жарнамалаған отандық өнер жұлдыздарын да тергеу керек деп талап етуде.

Қасиетті Мекке мен Мәдинаға барамыз деп «Кәусар Тревел» туристік компаниясына 1300 адам ақша берген екен. Бірақ бүгінгі сотта соның 245-і жәбірленуші болып танылыпты. Қалғаны түрлі себеппен арызын қайтарып алған.

Киелі сапарға барамыз деп сан соққандардың арасында Атырау, Алматы мен Шымкент қаласының тұрғындары бар. Мәселен, қіші қажылық үшін төрт жыл бойы зейнетақысын жинаған 80 жастағы Алшынбай ақсақал сол күйі не сапарға шыға алмай, не ақшасын қайтара алмапты.

Алшынбай Әмитов, жәбірленуші:

30 мың, 40 мың, кемпірде 20 мың, сөйтіп 60-70 мың айына. Кемпір екеуіміз бара алмадық қой, қаяқтан, 2 миллион төледік. Өйткені кемпір жүре алмайды, қызым жетектеп жүрсін дедім.

Алайда бүгінгі сотта Медет Мұратбайұлы бар қаржыны «өз қалтама салғам жоқ» дейді. 2022 жылдың қазан мен қаңтар аралығындағы түскен 522 миллион теңгені бұрынғы мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханға бергенін айтады. Бекболаттың беделіне сеніп бизнес істеймін деп жүргенде, өзім де жер сипап қалдым деп ақталды.

Медет Мұратбайұлы, сотталушы:

Ол кісі ,былай айтқанда ,кәсіпті бірге жүргізгенбіз. Сол кісімен бірге жұмыс жасаймыз деген уәде берілген. Ол кісі құжаттандыру, басқа нәрсе бойынша уәде етеді. Себебі бізде мүфтият тарапынан лицензия алу, яғни туризм басқармасына тіркеуге 100 миллион теңге, яғни мүфтиятқа 100 миллион лицензия алу, 50 миллион туризмге тіркелу, ондай қаражат мен шығара алмаймын. Бекболат мырза айтты ,жоғары беделді адам болғандықтан ,мен ол нәрсенің бәрін өзім алам, сен тек өз кәсібіңмен айналыса бер деген уәде берді.

Медет Мұратбайұлы тергеу кезінде Беболат Тілеуханмен беттескен де екен. Бірақ 28 жастағы сотталушы бірде-бір дәлел келтіре алмапты. Құр сөзге сенбеген судья оны алаяқтық бабымен кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды. Жәбірленушілерге екі айдың ішінде 254 милоион теңге қайтарып беруі керек.

Айнель Орақбаева, Шымкент қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы:

Сондықтан пікірлерін қылмыспен келген залалдың мүлдем өтелмегенін, өкініш білдірмегенін, осы істің ауырлығын ,істеген ісінің ауырлығын сезінбегенін сот ескере отырып, бұл кісіге тек қана бас бостандығын айыру жазасын тағайындау арқылы сот өзінің жазаның мақсатына жетеді деген пікірге келді.

Жәбірленушілер сот шешіміне қанағаттанған жоқ. «Кем дегенде он жыл отырсын» деген олар, сондай-ақ «Кәусар Тревелді» жарнамалаған жұлдыздарды да жауапқа тартуды талап етуде. 

Аружан Тілеубек, жәбірленуші:

«Кәусар Тревелдің» парақшасындағы әншілердің, актерлардың видеороликтерін көріп ,билет алуға келдік. Артур, Аша Матай, Арман Қоңыр, Абай және келіншегі Жанель екеуі тегін ұшты деген ақпарат берді. Және Абай Асылханға 14 про макс Айфон тегін сыйлады деп қыздар айтты, менеджер қыздар айтты. Және Мирас Жүгінісов, Рүстем сияқты әншілердің актерлардың жауапқа тартылғанын қалаймыз . Сотқа жартылай келіспейміз.

Сот шешімі бойынша арам ақшаға алынып, тергеу басталғанда сатылған қымбат бірнеше көлік енді қайтарылып, жәбірленушілердің берешегін жабуға жұмсалады. Бірақ Бекболат Тілеуханның үстінен полиция мен ұлттық қауіпсіздік комитетіне арыздандым деген Медет Мұратбайұлы енді апелляциялық шағым түсірмекші.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.