{metadescription}
Қарағандыда интернат тәрбиеленушілерінің неден уланғаны әлі белгісіз
Қарағандыда интернат тәрбиеленушілерінің неден уланғаны әлі белгісіз

Қарағандыда интернат тәрбиеленушілерінің неден уланғаны әлі белгісіз

Қарағандыда мүгедек балаларға арналған мектеп интернаттағы тәрбиеленушілердің неден уланғаны әлі анықталмай жатыр. Осы оқыс оқиғадан екі бүлдіршін көз жұмып, қалғаны ұзақ емделіп шыққан. Бір ажалдан аман қалған 12 бала оңалту орталығына ауыстырылыпты. 

Төтенше жағдай шілденің аяғында болды. Арнайы инернаттан жұқпалы аурулар ауруханасына сол кезде 14 бала жеткізілген. Жағдайлары өте ауыр күйде болды. 11-13 жастағы екі баланы дәрігерлер құтқара алған жоқ. Барлығының ыстығы көтеріліп, іші өткен. Астан улану болжамы дереу жоққа шығарылды. Интернатта сол күні жұмыс істеген 12 қызметші жұмыстан уақытша босатылып, кейін қайта шықты. Ал интернат директоры қызметінен кетті. Бірақ балалардың неден уаланғаны және оған кім кінәлі екені әлі күнге белгісіз. 

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі :

Негізгі, улану диагнозы бойынша балалар толық сауықты. Бүгінгі күнде олар оңалту орталығына ауысты. 21 күн сонда болады. Уланудың себептері бойынша тергеу орындары, оның ішінде прокуратура тексеріс жүргізіп жатыр. Ол әлі аяқталған жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде