Тамара Дүйсенова: Әр ата-ана "Келешек" жүйесіне көшкені жөн
Гранттың да сұрауы бар. Алдағы он жылдықта мемлекеттен берілетін тегін білім гранттары еселеп қысқаруы бек мүмкін. Оған себеп қазіргі демографиялық өсімнің жоғары болуы. Үкімет бұл мәселені енді "Келешек" деп аталатын жаңа жинақтаушы жүйемен шешіп көрмекші.
Автор: Айжан Шамшидин
26.09.2023
Өйткені мектеп бітірушілердің басым бөлігін тегін оқумен қамту қолынан келмейтінін министрлер кабинеті қазірден айтып отыр.
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың пікірінше, арқаны кеңге салатын уақыт әлдеқашан өтіп кеткен. Сондықтан перзентінің болашағын ойлаған әр ата-ана "Келешек" бірыңғай ерікті жинақтау жүйесіне келесі жылдан бастап көшкені жөн дейді. Жүйеге баласы бес жастан асқан әрбір азамат тіркеле алады. Ерікті түрде ашылатын шотқа 4 тетіктен қаржы құйылады. Әуелі мемлекеттен бастапқы капитал ретінде 60 айлық есептік көрсеткіш, яғни 207 мың теңге көлемінде сыйақы түседі. Одан соң бала кәмелетке жеткенше ата-ана ай сайын кемі 3450 теңгеден шотты толтырып тұруы қажет. Оған ай сайынғы банк пен мемлекеттен берілетін қосымша сыйақы тағы қосылады. «Келешекпен» қатар бір жылда іске қослатын «Ұлттық қор балаларға» жобасындағы ақшаның елу пайызы да баланың білім алуына бағытталмақшы. Шенеуніктердің есеп-қисабынша, осылайша тиыннан теңге құралып, бала мектепті бітіргенше бас-аяғы шамамен 12 миллион теңге жиналады екен.
Тамара Дүйсенова, ҚР премьер-министрінің орынбасары:
- Қазір білім министрінің қарастырып отырғаны бір рет мемлекет тарапынан ,бес жастағы балаға «старт капитал» дейміз ғой, алғашқы капитал берілетін болады. Оған қосымша мемлекет тарапынан мемлекеттік премия берілетін болады. Сондайақ, үшінші, әрбір ата-ана бір АЕК ретінде ай сайын жинап отыратын болса, бала 18 жасқа дейінге қажетті соманы жинауы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!