Ипотекалық тұрғын үймен қамту бастамасы қаңтарда қосылуы мүмкін
Шағын аудандар мен моноқалаларды ипотекалық тұрғын үймен қамту туралы бастама келесі жылдың қаңтар айынан іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы «Отбасы банктің» қызметін қайта қарау бойынша құрылған комитеттің алғашқы отырысында айтылды.
Автор: Айғаным Достанбай
26.09.2023
Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі жолдауында «Отбасы банктің» қызметін қайта қарауды тапсырған болатын. Бір жарым сағатқа созылған комтеттің алғашқы жиынында бейнебайланыс арқылы өңірлердегі кәсіпкерлер мен депутаттардың ұсыныстары тыңдалды. Әзірге тұрғын үймен қамтудың ешқандай механизмі дайын емес. «Ұсыныстар да қағаз жүзінде. Белгілісі, қазақстандықтардың 40 пайызы ауылда тұратындықтан, олар да төменгі пайызда ипотекалық тұрғын үймен қамтылуы тиіс», дейді депутаттар. Президент жолдауынан бері арада бір айға жуық уақыт өтсе де, жауапты министрлік пен «Отбасы банк» нақты ұсыныс әзірлеуге асықпай отыр дейді мәжілісмен Айдарбек Қожаназаров.
Айдарбек Қожаназаров, Мәжіліс депутаты:
- Нақты талап, көзқарасын ауылға қарай бұру, біріншіден, екіншіден кепілдік саясатын ауыстыру, әсіресе осы ауылдық жерлерге, үшіншіден, ауылды мекендерде жұмыс істейтін шаруалармен тіл табысып, олармен бірге бірігіп, өздерінің жобасын, тұрғын үй мәселесін, бірігіп шешу.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!