{metadescription}
Әлихан Смайылов: Қоқыс жоюдың 40 жылғы әдісімен қоштасыңдар
Әлихан Смайылов: Қоқыс жоюдың 40 жылғы әдісімен қоштасыңдар

Әлихан Смайылов: Қоқыс жоюдың 40 жылғы әдісімен қоштасыңдар

Қоқыс — қалауын тапса, кіріс әкелетін сала. Сол қалауын тауып, тілін білмегенімізден, қазір қалалар мен оның маңайы тұрмыстық қалдыққа аузы-мұрны лық толып, бітіп тұр.

Премьер-министр Әлихан Смайылов су жаңа экология министріне қолданыстағы қоқысты жоюға арналған қырық жыл бұрынғы әдіспен дереу қош айтысуды тапсырды.

Бүгінде еліміздегі мыңдаған қоқыс полигоны жағдайды қиындатып отыр. Жалпы әкімдіктер оны жоюға қомақты қаражат бөледі. Ал утилизацияға жауапты мекемелер қаржының жетер жеріне жетуіне кедергі келтіріп, жемқорлықтың көсегесін көгертуде.

"Қазіргі заманғы қоқыс өңдеу зауытын ашамыз" деп жарияға жар салғанымызға талай жылдың жүзі болса да, алға қойылған смета жобалар тек қағаз жүзінде қалып қойған.

Жауапты ведомство алдағы бірнеше айда қалдықтарды тасымалдап, жоюға қатысты жоспарын Үкіметке ұсынуы керек. Оны кәдеге асырып, қайта өңдеу заман талабы.

Жалпы статистика қазіргі дамыған заманда адамдардың бұрынғыға қарағанда қоқысты бес есе артық шығаратынын көрсетіп отыр.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

Тамақ қалдығы, өздеріңізге мәлім, көп тамақтың қалдығы шығады, пакет көп, қолға қыстырылып кететін фастфуд қағаздары ,Кеңес үкіметіне қарағанда ,көбейді. Себебі ол заманда бөтелкені де, қағазды да қабылдайтын. Соның барлығын қазір қарастыруға тура келеді. Жылына, орта есеппен ,төрт жарым миллиондай қоқыс жиналады екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде