{metadescription}
21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатылмауы мүмкін
21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатылмауы мүмкін

21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатылмауы мүмкін

21 жасқа толмаған жастарға энергетикалық сусындар да мүлдем сатылмауы мүмкін. Қазір депутатттар денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе арнайы заң әзірлеп жатыр.

Дүкен сөрелерінде «қуат береді», тіпті «қанаттандырады» деп, жарнамасы жер жарған сусындарды сатуда міндетті түрде жеке куәлік сұралады деп отыр жауаптылар. Әзірге сатушылардың әрекетін кімнің қадағалайтыны басы ашық сұрақ ретінде қалып отыр. Бір анығы, 18 жасқа дейінгі жастардың 17 пайызы энергетикке құмартқаны сонша, күніне бір шөлмегін ішпесе тұра алмайтын дәрежеге жетіпті. Соның салдарынан жүрек пен жүйке аурулары жастар арасында 30 пайызға артқан. 

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

21 жасқа дейінгі энергетикалық сусындарды жастарға сатпау жөнінде норма қарастырылып жатыр. Біз Денсаулық сақтау министрлігі бұл норманы құптап отырмыз. Өйткені бұл тікелей адамдардың, жастардың денсаулығына байланысты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде