Әлемде құны $500 млрд контрафакті айналымында жүр
Әлем бойынша құны 500 миллиард АҚШ долларына бағаланатын контрафакті өнім сауда айналымында жүр. Бұл туралы Астанада өткен зияткерлік меншік құқықтарын қорғауға арналған семинарда айтылды.
Автор: Айғаным Достанбай
26.09.2023
Халықаралық деңгейдегі басқосуға алыс-шақын шетелден келген сарапшылар тәжірибе алмасып, контрафакті өнімдермен күресудің жолдарымен бөлісті.
Іс-шарада сөз алған Әділет министрі Азамат Есқараев елімізде зияткерлік меншік құқығын қорғауға баса назар аударылып жатқанын атап өтті.
- Зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін құру арқылы ғана инновациялар мен шығармашылық өркендей түспек. Ал қазіргі уақытта дүниежүзілік сауда ұйымының мәліметі бойынша, жаһандық саудадағы контрафактілік өнімдердің көлемі 500 миллиард АҚШ долларына бағаланады», деді министр.
Шара барысында семинарға қатысушылар әлемдегі зияткерлік меншіктің маңыздылығы мен контрафакті өнімдермен бірлесіп күресу қажеттігіне тоқталды. Мәселен, 2022 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағында зияткерлік меншік саласындағы алты мыңнан астам құқық бұзушылық анықталған. Тәркіленген контрафактілік тауарлардың көлемі шамамен тоғыз миллион данадан асады.
Азамат Есқараев, ҚР Әділет министрі:
- Бірденбір мәселе, ол әрине балаларға сатылатын ойыншықтар. Олардың киімдері және балалардың заттарына жалпы химия сияқты мәселелері. Зат тауарлардың контрафакт санының көбеюі.Әділет органдары өз бетімен тексеруге шыға алмайды. Тек қана құқық енгізушілердің сәйкес арызымен тексеріс ұйымдастырамыз.2022-23 бірінші жартыжылдың қорытындысы бойынша, әділет органдары 58 рет тексеріске барып, 56 құқықбұзушылық анықтаған. Оның нәтижесі бойынша 24 млн теңгеге тауар анықталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!