{metadescription}
Ұлттық ұлан сарбаздары «Мемлекеттік тіл – менің тілім» сайысына қатысты
Ұлттық ұлан сарбаздары «Мемлекеттік тіл – менің тілім» сайысына қатысты

Ұлттық ұлан сарбаздары «Мемлекеттік тіл – менің тілім» сайысына қатысты

Қазақ тілінің мәртебесі тағы бір асқақтады. Алматыда Ұлттық ұлан сарбаздары арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты сайысы өтті.

Байқау негізі 2007 жылы бастау алған. Сол уақыттан бері жыл сайын өзге ұлт өкілдері қазақ тілінде өнер көрсетіп келеді. Биыл да еліміздің түкпір-түкпірінен 150 әскери қызметші қатысып, аймақтардан тек 43-і ғана сайдың тасындай іріктеліп шықты. Бүгін мемлекеттік тілде мақал-мәтел айтып, өлең оқып, өнерлерін паш етті. Топ жарып шыққан үздіктерге бағалы сыйлық табысталды.

Қайрат Үмбетов, ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары:

Ең басты мақсаты – Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді насихаттау, мемлекеттік тілді нығайту және жыл сайын өткізілетін сайыстан сайысқа жинаған тәжірибелерін қызметкерлер арасында алмасу. Мемлекеттік тілді насихаттау ҚР Ұлттық ұлан қатарында жауынгер дайындық бағдарламасында факультатив сабақпен өткізіледі және басты сабақтардың бірі болып табылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде