{metadescription}
«Бір белдеу – бір жол» — 10 жыл. Қытай консулдығы ауқымды шара өткізді
«Бір белдеу – бір жол» — 10 жыл. Қытай консулдығы ауқымды шара өткізді

«Бір белдеу – бір жол» — 10 жыл. Қытай консулдығы ауқымды шара өткізді

«Бір белдеу – бір жол» жобасына биыл 10 жыл. Осыған орай Қытай Халық Республикасының Алматыдағы бас консулдығы ауқымды шара өткізді.

Биыл Қытай Халық Республикасының құрылғанына да 74 жыл толып отыр. Депутаттардан бастап өнер адамдарына дейін, жалпы 400-ге жуық адам қатысқан шараның өтуіне негізгі себеп осы. Ал сол алпауыт мемлекетпен біздің елді байланыстырып отырған «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы. Бұл жоба 2013 жылы екі ел арасындағы экономикалық ынтамақтастықты нығайту үшін ашылған. Идеяны алғаш рет Елорда төрінде Қытай басшысы Си Цзиньпинн ұсынды.

Цзян Вэй, Алматыдағы ҚХР Бас консулы:

«Бір белдеу, бір жол» бастамасы Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатымен терең интеграцияланған. Қазір сол жобаның арқасында екі ел арасындағы ынтымақтастық нығайып келеді. Мәселен, қаңтар айынан бастап тамызға дейін сауда көлемі 25 миллиард доллардан асты. Яғни 24 пайызға өсті деуге болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде