{metadescription}
Елімізде ұн қымбаттады
Елімізде ұн қымбаттады

Елімізде ұн қымбаттады

Елімізде ұн қымбаттады. Мұны әсіресе оңтүстік пен батыс өңірдегі тұрғындар сезініп жатыр. Ақтөбе облысының дүкен сөрелерінен бірінші сұрып ұн жоғалған. Атырау облысындағы жағдай да осы шамалас.

Қызылорда мен Шымкентте ұн бағасы соңғы бір аптаның ішінде 30 пайызға дейін артыпты. Мамандар бағаның бұлайша құбылуын тұрақтандыру қорынан шығатын бидайды теміржолмен тасымалдауда қиындықтар себеп болғанын айтады. Бүгінде тасымал мәселесі шешілді, енді жағдай тұрақтануы тиіс деп отыр.

Ақтөбенің дүкендері мен базарларында бірінші сұрыптағы ұн мүлдем жоқ. Сатушылар оның жеткізілмей жатқанын айтады. Осы уақытқа дейін келісін 147-156 теңгеден сатып келген еді. Бірен-саран супермаркеттен бірінші сортты ұнды табуға болады. Бірақ бағасы 20-25 теңгеге қымбаттаған. Базар саудагерлері де ұнның қымбаттайтынын алдын ала ескертті деп отыр.

Анар Наурызбаева:

Қазір ұн қымбаттауына байланысты келмей жатыр. Біраз болды, бір ай болды. Бізде «Уринан» болды, бізде олар қазір келіп жатқан жоқ. Сосын «Гранумның» бірінші сұрыпы да жоқ. Қымбаттауына себеп шығар. Ескертті. Келесі жетіден бастап ұн қымбаттайды деп ескертті. Біз әлі алған жоқпыз.

Шымкентте ұн бағасы бір жетінің ішінде үш рет өскен. Өткен апта келісі 260 теңгеден сатылған ұн, қазір 340 теңгеге шарықтапты. Бұрынғы бағаға 80 теңге қосылғанына тұрғындар да сатушылар да наразы. Әзірге нан бағасы өспегенімен, бірер күнде міндетті түрде көтеріледі дейді саудагерлер.

Гүлзира Жоратаева, сатушы:

25 келілік «Ордабасы» ұнымыз 6 жарым мыңнан сататынбыз. Қазір 8 жарым мың боп жатыр. 30 пайызға көтерілді. 50 килолық ұнымыз 12 жарым мың болса, қазір 16 жарым мың. Халыққа қиын болды, ауыр тиеді, әрине. Доллар өсті, рубль өсті, соған байланысты деп жатыр. Әйтеуір себебі табылады. Көтерем деген адам бәрібір бағасын көтереді.

Ал астығы ат шаптырым жерде ақ орылатын орталық өңірлерде жоғарғы сұрыптағы ұнға аздап құн қосылғанымен, әлеуметтік маңызды бірінші сұрыптағысының бағасы өзгермеген. 

Динара Туракелдиева, сатушы:

Бірінші сұрып ұнды әкімдік береді. Нан, мысалы, 90 теңге, әкімдік бағасын шығарып береді, вермишель де әлеуметтік бағада, ол өзгермейді. Ұн 154 теңге, ешқандай өзгеріссіз, шу жоқ. Асықай ала берсеңіздер болады. Міне, ертеңге өтініш бердім, тағы төрт қап ұнға, өзгереді деген ештеңе айтқан жоқ. Бұрынғы баға. ​​​​​

Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе, Ұлытау облыстары мен Шымкент қалаларындағы ұн бағасының күрт көтерілуіне логистика кедергі болыпты.Тұрақтаныру қорынан шыққан арзан бидайды шалғай өңірлерге жеткізіп беруге «Қазақстан темір жолы» компаниясы асықпапты. Соның салдарынан өңірлерде қор таусылып, диірмендер тоқтаған.

Бүгін сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев теміржол тасымалы бойынша мәселенің шешілгенін жеткізді. Айтуынша, елдегі бірінші сұрып ұн боп тартылатын 95 мың тонна бидай қоры бар. Одан бөлек, Ресейден тағы 200 мың тонна астық кірген. Сондықтан ұн тапшылығы болмайды, баға тұрақтанады деп сендірді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде