{metadescription}
Қытайға тауарға тапсырыс беріп алданғандар полицияда шу шығарды
Қытайға тауарға тапсырыс беріп алданғандар полицияда шу шығарды

Қытайға тауарға тапсырыс беріп алданғандар полицияда шу шығарды

Қытайдан арзан бағаға тауарға тапсырыс беріп алданып қалған бір топ адам полицияға барып шу шығарды. Өйткені бұлардың миллиардтаған теңгесін қалтаға басқан әйел әлі бостандықта кәсібін дөңгелетіп жүр дейді.

Ал тәртіп сақшылары 21 адамның арызы бойынша тергеу басталғанын жеткізді. Уатсап арқылы тапсырыс қабылдап, ақшаны шотына аударған соң, күнде ертеңмен тойдыратын келіншекке алданғандар әлдеқайда көп болуын полиция да мойындап отыр. Тақырға отырған жұрттың базынасын КТК тілшісі тыңдап қайтты.

«Алдандық» деген бір топ адамның полиция басқармасының алдына жиналып шу шығарып жүргеніне бүгін, міне, алтыншы күн. Дәл осы жерде наразылық білдіруіне де себеп бар. Жұрт тергеудің тура жүруін талап етіп отыр.

Мақпал Сиқымбекова:

Айсмұратова, бізге айтылды, прокуратураның үкімі бойынша ол үй қамаққа алынды деп. Үйінен шықпайды, үйінде отырады деп. Кеше кешке жақын ол кісі қоймада халыққа тағы да өтірік уәде беріп жүр. 2021 жылдан бері өтірік уәдесіне тойдық.

Жиылған жұрттың бәрінде бір ғана мәселе. Осы айдың басында арнамызға шыққан. Барлығы тікелей Қытай зауыттарынан тауар сататын Whatsapp желісіндегі топқа ақша төлеп қосылады. Ұнағанын таңдап, тапсырыс береді. Тауардың уақтылы берілетініне көз жеткізген соң, көтерме саудамен айналысқысы келетін адамдарды жинап, олардан миллиондарға тапсырыс қабылдайды. Бірақ соңында ақша да, тауар да жоқ болып шықты. Енді әрқайсысының артындағы тапсырыс берушілер де қыруар қаражатын талап етіп шырылдап жүр.

Тұрсынай Жаналысова:

Өзім бергенім 400-500 миллионды құрайды. Ол үлкен сома және біздің ақшамыз емес, халықтың ақшасы. «Бізге кішкене тауар беріңіз, халықты көндірейік, түсіндірейік, тауарлар келіп жатыр деп айтайық» деген кезде, ол қойма мөрленген деген еді. Бізге бір жерден хабар келді, «тауарлар келіп жатыр» дегеннен кейін бәріміз бардық. Барсақ, тауар келіп жатыр. Ол жерде ешқандай құзырлы орган жоқ.

Полицейлер күдіктіге қатысты аса ірі көлемде алаяқтық бойынша тергеудің әлі де жалғасып жатқанын жеткізді. Ал оны үй қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын сот бүгін шешеді деп отыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы ПД ресми өкілі:

Тергеде бұлтартпау шарасын сот органдары тағайындайды. Ол ресми түрде күдікті болып танылды. Қылмыстық іс бойынша ресми түрде 21 азамат арыз түсіріп, олар жәбірленуші болып танылды. Қазір тергеу амалдары, тиісті сараптамалық зерттеу тағайындалды. Қазақстанда жәбірленушілер болуы мүмкін деген болжамды жоққа шығармаймыз.

Ал жұрт кінәләп отырған әйелдің өзімен сол күйі сөйлесе алмадық.

Жұрт оның қамалуынан бұрын, қыруар қаражат қайтарылса екен деген тілекпен жүр. Өйткені өз есебінше, оған 130 адам сенемін деп алданып қалған. Ең көбі 600 миллион теңге санап беріпті. Ал шамамен 40 адамның өзінде 3 миллиард теңге қайтарылмады деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.