{metadescription}
«Ақ хакер». Жеке дерек қауіпсіздігін мамандар қорғайтын болды
«Ақ хакер». Жеке дерек қауіпсіздігін мамандар қорғайтын болды

«Ақ хакер». Жеке дерек қауіпсіздігін мамандар қорғайтын болды

Хакердің де хакері бар. Енді «ақ хакер» деген ұғым пайда болады. Оның қызметі – мемлекеттік платформалардың, сайттардың осалдығын тексеру. Мемлекет жалдаған арнайы мамандар осылайша азаматтардың жеке деректерінің қауіпсіздігін қорғамақшы.

Ал қылығы қу, айласы асқан алаяқтардың шабуылына төтеп бере алмаған платформалардың қауіпсіздік тетіктері қайта қаралады. Цифрлық даму министрлігі қазақстандықтардың жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты мекенжайы сияқты жеке ақпарат мемлекет бақылауында болады деп отыр. Қандай да бір жағдаймен бұл мәліметтер тарап кетсе, азаматтардың телефон нөміріне 1414-тен кибер шабуыл болғаны жөнінде хабарлама келеді. Ал деректерді рұқсатсыз жариялаған бірден анықталып, 100-ден 1 мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.

Екатерина Смышляева, Мәжіліс депутаты:

«Ақ хакерлер» мемлекет бақылауымен, дұрысы басқарылуымен жұмыс істейтін болады. Олардың жұмысы деректер сақталған жүйенің осалдығын тексеру. Яғни белгілі бір орган ақпарат жүйесін жасап шыққаннан кейін, осы «ақ хакерлерге» жүйені бұзуға тапсырыс береді. Сөйтіп оның мықтылығын тексерсе болады. Бұл жұмыс заң аясында жүргізіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде