{metadescription}
Қарағандыда нөсер көл болып ағып, ғимараттарға су кіріп жатыр
Қарағандыда нөсер көл болып ағып, ғимараттарға су кіріп жатыр

Қарағандыда нөсер көл болып ағып, ғимараттарға су кіріп жатыр

Қарағандыда нөсер жауып, тұрғындарды әп-сәтте әбігерге салды. Небәрі бір сағатқа созылған жауын қозғалысты қиындатып, көшеде көл болып аққан су ғимараттарға да кіріп кеткен.

Белуардан су кешкен көліктер тұралап, қызыл су тіпті автобустарға кірді. Жаяу жүргіншілер балағын түрер-түрместен тығылатын жер іздеп сеңдей соғылысты.

Көшені басқан су Қарағанды техникалық универстиетіне де кіріп, студенттер жалаңаяқ далаға қашып шыққан. Тасқынды таспаға түсіргендердің көбі қаладағы суағарлардың жағдайына наразы. Көп көшеде ол атымен жоқ. Бары бітеліп қалған. Мұндай нөсерді жиі көрмеген соң, қала билігі де суағарға бас ауыртпайтынын осы жауын әшкере қылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде