{metadescription}
Ақтауда егеуқұйрық қаптаған 
Ақтауда егеуқұйрық қаптаған 

Ақтауда егеуқұйрық қаптаған 

Ақтауда егеуқұйрық қаптады. Каспий теңізінің жағасында жүрген кеміргіштерді қала тұрғындары түсіріп алған.

Теңіз жағасындағы тастардың арасында жүрген егеуқұйрықтардың көлемі үлкен. Кеміргіштер тіпті адамнан да қорықпайды. Қалған-құтқан тамақ жеп жүр. Мамандар зиянкестердің көбеюіне тұрғындардың өзі кінәлі дейді. Теңіз жағасында тамақ ішіп, қалдығын тастап кетеді. Ал, мұндай жерге тышқан үйір болатыны сөзсіз. Сондай-ақ қалада уақтылы улау жұмысы жүргізілмеуінен де кеміргіштер көбейеді деп отыр СЭС мамандары.

Әсима Жарылғасова, Ақтау санитария-эпидемиологияны бақылау басқармасының басшысы:

Әлеуметтік желіде тышқандардың көбейген видеосын салып жатыр. Жалпы кеміргіштермен күресу үшін тазылық сақтау керек. Кейде адамдар тамақ қалдықтарынәр жерге тастап кете береді. Ал одан кеміргіштер пайда болады. Жалпы қалада 10 жылға жуық жәндік пен кеміргіштердің орналасқан жерін анықтап, улау жұмысы жүргізілмеді. Бұл жұмыс жоспармен жүргізілуі керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде