{metadescription}
Азиада-2023: Спортшыларымыз жалпы 350 балл жинап рекорд орнатты
Азиада-2023: Спортшыларымыз жалпы 350 балл жинап рекорд орнатты

Азиада-2023: Спортшыларымыз жалпы 350 балл жинап рекорд орнатты

Қыздарымыз жарады! Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындардында стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы жеңімпаз атанды. Осылайша құрама қоржынына алғашқы алтын медаль түсті.

Скит бойынша топтық сайыста Зоя Кравченко, Әсем Орынбай мен Ольга Панарина жеңіске жетті. Спортшыларымыз алтынды қанжығаға байлағаннан бөлек, жалпы 350 балл жинап, Азиада рекордын орнатты. Қытай 348, Таиланд 342 ұпаймен қалыс қалды.

19-шы Азия ойындарында әзірге Қазақстанның қоржынында 10 медаль бар. Оның жетеуі – қола, екеуі – күміс. Соңғы алған алтынның арқасында құрама 16-шы орыннан 11-орынға көтерілді. Жалпыкомандалық есепте әзірге Қытай алдыда, одан кейін Корея, үштікті Жапония түйіндеп тұр. Өзбекстан төртінші орында келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде