{metadescription}
KEGOC батыс пен оңтүстікте екі жобаны іске асырады  
KEGOC батыс пен оңтүстікте екі жобаны іске асырады  

KEGOC батыс пен оңтүстікте екі жобаны іске асырады  

Қазақстан өз халқын электр энергиямен қамтуда импортқа, көрші елдерге тәуелді болмауы тиіс. Биылғы Жолдауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай міндет қойды. KEGOC ұлттық компаниясында жыл соңына дейін еліміздің батысы мен оңтүстігінде электр желілерінің өткізу қабілетін арттыратын қос жоба іске асырылады. 

Бұл өз кезегінде Орал мен Маңғыстау арасындағы аймақта электр қуатын көбірек тасымалдауға мүмкіндік береді. Жобаға сәйкес, 800 шақырымға созылатын жаңа желілердің құрылысы жоспарланған. Бұл батыс өңіріндегі станциялар мен «Қаратабанды» жалғайтын болады.

Шу - Жамбыл - Шымкент бағытында жаңа электрмагистральдар салынбақшы. Оның құрылысы биыл басталып, 2027 жылға дейін қолданысқа берілуге тиіс.

Нәби Айтжанов,  KEGOC АҚ басқарма төрағасы:

Үш магистарльді электр желіде, атап айтқанда, Ақтөбе, Батыс, және Сарыбайда жөндеу жүргізіледі. Осылайша әбден тозған, жөндеуді талап ететін желілерді жаңартпақшымыз. Жыл соңына дейін жоспарымыз орындалады деп отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде