{metadescription}
Ақтөбеде президент резиденциясының бір коттеджі балалар үйіне беріледі
Ақтөбеде президент резиденциясының бір коттеджі балалар үйіне беріледі

Ақтөбеде президент резиденциясының бір коттеджі балалар үйіне беріледі

Ақтөбедегі президент резиденциясының бір коттеджін балалар үйіне беретін болады. Жарты жыл бұрын мемлекет басшысы бес аймақтағы осындай нысаннан мектеп, не балабақша, сауықтыру лагерлерін ашуды бұйырған. Бірақ ақтөбелік шенеуніктер ол тапсырманы толық орындай алмады.

Қарғалы өзені бойынан президент резиденциясы осыдан 15 жыл бұрын салынған. Бірақ ол ешқашан мемлекет меншігінде болмапты. Өңірге мейман болып келген лауазымды тұлғалар сонда тоқтайтын. Тіпті кейбір облыс әкімдері осында айлап тұрды.

Резиденцияның осы уақытқа дейін «Қазхром» зауытына тиесілі екені жақында ғана белгілі болды. Аумақтағы бір коттедж ғана әкімдікке қарайды екен. Енді сол жерден сәбилір үйін ашпақ. Жатар орынның аздығынан тек небәрі 25 баланы ғана қабылдайтын болады. Ал коттеджден бөлек, қалған зәулім сарай да, дүние-мүлік те, бұрынғысынша зауыттың меншігінде бола бермекші. Жекенің иегілінде болғандықтан, сөзіміз жүрмейді дейді шенеуніктер.

Тимур Рыскелдин, Ақтөбе облысы әкімдігінің іс басқармасы басшысының орынбасары:

- Ортақ резиденция берілмейді. «Қазхром» акцонерлік қоғамының меншігінде болғасын, олар жеке мекеме болып саналады ғой. Резиденцияда 2008 жылы салынған мемлекеттік мекемеге тиесілі 500 квадраттық қонақтарға арналған үй бар. Сол беріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде