{metadescription}
Өскемен: Шағынауданда белуарынан балшық кешіп жүр
Өскемен: Шағынауданда белуарынан балшық кешіп жүр

Өскемен: Шағынауданда белуарынан балшық кешіп жүр

Өскемен іргесіндегі шағынаудан тұрғындары белуардан балшық кешіп жүр. Төрт жыл бұрын әкімдік көшелерді қиратып, су құбырын жаңартқан. Бірақ қайтадан асфальт төсеуді ұмытып кетіпті. Балшыққа батқан көшеден көлік тұрмақ, жаяу жүру мүмкін емес. Осыған наразы халық бүгін шу шығарды.

Су құбырын саламыз деп, бұл көшенің жабындысын түгел қопарып тастаған. Содан бері төрт жыл өтсе де, асфальт қайта төселмеген. Айнала ми батпаққа айналып, аяқ алып жүру мүмкін болмай қалған.

Светлана Зюбина:

- Менің балам келеді, үсті-басы балшық болып. Балалар мектепке таза киіммен баруы керек қой. Кейде жолда құлап, сабақтан қалады. Оған мұғалімдер ұрсады. Ал мына жерде бала тұрмақ, үлкен адам таза жүруі мүмкін емес.

Балтырана дейін батпақ жабысқандар төрт жылдан бері шенеуніктер құрғақ уәдемен қарық қылды дейді. Жаңбырлы күндері аяғынан резеңке етік шешпейтін қараша, енді шаһар әкімі Жақсылық Омарды лайдың ортасына шақыруда.

Ақерке Жексенбаева:

- Осы әкімімізді кентке шақырамыз. Әсіресе «Восток» ықшамауданына келіп көрсін. Жедел жәрдем келмейді. Ол 2-Гиспен әрең табады. Жол жаман. Өте нашар. Такси бізді алмайды.

Алайда батпаққа батқан жұрттың лайдан жақын арада шығатын түрі жоқ. Себебі жауапты мамандар көше асфальттауға ақша жоқ деп қол қусырып отыр.

Ержан Ибраев, Өскемен ТКШ бөлімі басшысының орынбасары:

- Су құбыры желілерін төсеуде негізгі жұмыс аяқталды. Биылғы бюджет қаржысы жоспарланып қойғандықтан, көшеге күрделі жөңдеу жүргізу мүмкін емес. Сондықтан қиыршық тас төселуі ғана мүмкін.

Бұл ауданға жол жабындысы келесі жылы төселуі мүмкін. Оның өзінде қазынадан қаражат бөлінсе. Оған дейін тұрғындардың белуарынан батпақ кешіп жүруіне тура келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде