{metadescription}
Қазақстан транзит хабы. Транскаспий дәлізінің мүмкіндігі арттырылады
Қазақстан транзит хабы. Транскаспий дәлізінің мүмкіндігі арттырылады

Қазақстан транзит хабы. Транскаспий дәлізінің мүмкіндігі арттырылады

Қазақстан транзит хаб ретінде қалыптасуы керек. Бұл мақсатта Транскаспий дәлізінің мүмкіндігін арттыру міндеті тұр. Мемлекет басшысы биылғы жолдауында көлік-логистика саласында еліміз ірі мемлекетке айналу үшін бірқатар мәселенің түйінін тарқатуды тапсырған болатын.

Көлік министрлігі стратегиялық міндетті орындау мақсатында Ақтау мен Құрық портының мүмкіндігін кеңейтуді көздеп отыр. Бұл бағытта көршілес Әзірбайжан және Грузиямен бірлесе кедергілерді жою қажет. Қытаймен арадағы жүк қатынасы да қарқын алып, үшінші темір жол салу жоспарда бар. Транзит хабынан бөлек, министр Марат Қарабаев президенттің келесі пәрмені 2029 жылға дейін 4 мың шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жүргізу жайын тілге тиек етті.

Марат Карабаев, ҚР Көлік министрі:

- Қарағанды мен Алматының арасындағы жол, одан соң Талдықорған мен Өскеменге дейін, Қалбатау мен Майқапшағайда болатын жол. Ол жолдарды барып көріп келдік. Сол жақтағы мердігер компаниямен кездестік. Ең қиын жағдайдағы жол Қалбатау мен Майқапшағай арасындағы жол. Біздің басты мақсат - келесі жылы сол жолмен қозғалыс беру.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.