{metadescription}
Алматыда Орталық Азиядағы ең ауқымды жарыс — Марафон өтеді
Алматыда Орталық Азиядағы ең ауқымды жарыс — Марафон өтеді

Алматыда Орталық Азиядағы ең ауқымды жарыс — Марафон өтеді

Алматылықтар мен қала қонақтары жылдың дәстүрлі басты спорт мерекесіне дайындалып жатыр. Орталық Азиядағы ең ауқымды жарыс — «Алматы марафон» биыл 1 қазанда өтеді.

Жыл сайын Нью-Йорк, Берлин, Лондон, Токио және басқа ірі мегаполистерде әйгілі марафондар өтіп, оған бүкіл әлемнен спортшылар қатысады. Ал Орталық Азиядағы ең ірі марафон дәстүрлі түрде Алматыда, титулды демеуші Kaspi.kz-тің қолдауымен өтеді. Жыл сайын «Алматы Марафонға» онннан астам елдің желаяқтары қатысады. Көпшілігі тіпті Қазақстанға осы үшін арнайы келеді. «Алматы Марафон» ең көп адам қатысатын бұқаралық шара және қаланың визит картасы іспетті.

Рамазан Бейбітов:

- Бұл адамдардың барлығы носы шараға жинау өте жақсығ бауырмашылдықты арттырады деген ойдамын. Және де бұл денсаулыққа өте пайдалы, өте зор,барша халыққа, Алматы тұрғындарына, барша қазақ еліне өте пайдалы деп ойлаймын.

Динара Жандарбекова:

- Өте керемет. Бұл жердегі атмосфераны сезіну деген, әркім көру керек деп ойлаймын.

Тәңірберген Шаяхметов:

- Керемет сезім. Әр адам бұны сезініп көру керек деп ойлаймын.

Kaspi.kz жеті жыл қатарынан салауатты өмір салтын ұстанатын қазақстандықтарды қолдайтын осы бір кең ауқымды спорт оқиғасының титулды демеушісі болып келеді. Марафон – бұл баршаға арналған мереке. Оған денсаулығында ерекшеліктері бар адамдар, ауыр сырқатпен күресіп жүрген балалар да қатысады. Ал қала тұрғындарының көпшілігі отбасымен келеді. Олардың арасында жастарды шаң қаптырып, айналасына энергия сыйлайтын қарттар да бар. Марафонға қатысу жарналары қайырымдылыққа жұмсалады. Марафон басталған уақыттан бері балаларды сауықтыру мен спортты қолдауға қатысты 25 ірі жоба жүзеге асырылды.

Биыл да қаражат тағы бірнеше нысанның құрылысына бағытталады. Дүниежүзінде марафондар қалалардың басты көшелерінде өтеді. Өйткені бұл жай ғана спорттық шара емес, үлкен қалалық мереке.

Бұл мақсатта барлық жерде көлік қозғалысы бірнеше сағатқа тоқтатылады. Алматы да қалыс қалмайды. Жексенбі, 1 қазан күні таңғы сағат 7-ден бастап бірнеше көшеде көлік қозғалысы тоқтатылады. Бұл күні марафон бағыты бойынша маршруттарыңызды алдын ала жоспарлаған дұрыс. Алматы Марафон 1 қазан күні Республика алаңында таңғы 7-де басталады. Жүгірмесеңіз де, қатысушыларды қолдап, қуат пен жақсы көңіл-күй сыйлауға келіңіз!

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде