{metadescription}
Астанада "комфорт-плюс" санатындағы үй жезөкшелердің мекеніне айналыпты
Астанада "комфорт-плюс" санатындағы үй жезөкшелердің мекеніне айналыпты

Астанада "комфорт-плюс" санатындағы үй жезөкшелердің мекеніне айналыпты

Жайлы жер деп алғаны нағыз жын ойнақтаң ордасына айналып шыға келген. Астанада "комфорт плюс" санатындағы үй жезөкшелердің мекеніне айналыпты. Тұрғындар еш рұқсатсыз мердігер компанияның төменгі қабатты хостелге айналдырғанына наразы.

Тіптен күні кеше қонақүйдің қос тұрғыны ішімдікке сылқия тойып алып, бір-бірінің басын жарып, көзін шығарған. Қазір бұзақылар уақытша ұстау изолятарында. Жезөкшелер мен олардың клиенттерінің айқайынан "түн ұйқысы төрт бөлінген" тұрғындардың шағымын КТК тілшісі тыңдап қайтты.

Астанаға жуырда ғана қосылған Нұра ауданындағы "Табысты" кешенінің тұрғындары түнде ұйқыдан6 күндіз күлкіден айырылған. Оған себеп те жоқ емес. Онсыз да жұмыстан шаршап-шалдығып келген жұрт кеш қарая төменгі қабаттағы хостелден әләулайға басқандардың жеке «концерті» мен қанжоса төбелестерін аңдып әлек.

Қонақүйде шағын 12 бөлме бар. Тұрғындардың айтуы бойынша, қуықтай-қуықтай 7-8 шаршы метр тар бөлмелерді хостел иесі 35 мың теңгеге жалға береді екен. Ең сорақысы, бұл хостелдің кіреберіс есігі бірден балалар алаңқайына шығып тұр. Жергілікті тұрғындар балаларымызды кешқұрым далаға шығаруға қорқамыз деп отыр.

Мұрат Бұрашев:

- Міне, қасымызда дүкен тұр, арақшарап сатылады. Соны ішкен адам, шеккен адам, не істеп, не қойғанын білмейді ғой. Алаңдайтынымыз, екінші қабаттағы балалар ойнайтын алаң. Балаларымыз сыртқа шығып кетпесін, көшеге шығып кетпесін деп салынған. Бұл өзі «комфорт» деп аталады.

Хостелдің дәл іргесінде азық-түлік дүкенінен ішімдікке сылқия тойып алып, төбелес шығарғандарды полиция күнара алып кетеді. Тұрғындар соңғы кезде жеңіл жүрісті қыздарды да көретін болдық дейді.

Нұржамал Әлиханова:

- Сейсенбі күні таңғы бесбес жарым уақытында біз шудан оянып кеттік. Ұйықтап жатқан жерде қатты дыбыстар шықты, айқай-шу болды. Бізге ештеңе көрінген жоқ. Аулаға қарадық. Ештеңе көрінбеді. Түске қарай көршілерден естідік, төбелес болған, полиция келген. Ішіп алған кісілер теңселіп, әрі-бері жүреді. Ішкіш адамдардың түрі белгілі болады. Соларды көргеніміз рас.

Ал хостелдің тікелей қожайындары тұрғын үйдің бірінші қабатын қонақүйге айналдыруда көрер көзге оғаш ештеңе жоқ дейді. Сөздерінше, қайта арзан бағаға үйсіз-күйсіз жүргендерге баспана беру - сауап жинарлық іс. Ал бір-біріне жұдырық ала жүгіретін хостел «батырлары» әр үйде болуы мүмкін дейді.

Тимур Сипатов, Тұрғын-үйге жауапты компания директорының орынбасары:

- Заңға сәйкес, үйді салған құрылыс компаниясына ғимараттың бірінші қабатындағы жайлар тиесілі. Ол жерді кімге жалға беремін десе де өз еркі. Ал бұл жерде хостелді өзіміз ашып отырмыз. Яғни «Табысты» тұрғынүй кешенін салған мердігер компания. Заңды бұзған адамдарды бірден қуып шығып жатырмыз. Түптеп келгенде, төбелеске барлық адам баруы мүмкін ғой.

Сондықтан бұл үйдің тұрғындарына бірігіп хостел қожайынына қарсы әкімдікке шағымхат жазудан басқа амал жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.