{metadescription}
«Өзіміз ғой, Арай». Қаржы пирамидасына тартқан әйел ұсталды
«Өзіміз ғой, Арай». Қаржы пирамидасына тартқан әйел ұсталды

«Өзіміз ғой, Арай». Қаржы пирамидасына тартқан әйел ұсталды

«Өзіміз ғой, Арай» деген чат ашып, қаржы пирамидасына адам тартқан қарағандылық келіншек ұсталды.  Бұрын да осындай әрекеті үшін істі болған бизнесвумен телеграм мен уатсап чаттар ашып, 300 пайыздық өсімімен қайтады деп елден ақша жинаған.   

Күдікті құрған бір ғана «Өзіміз ғой, Арай» деген чаттың 100 -ден аса қатысушысы болған. Олар 50 мен 300 мың теңгеге дейін салым жасаған екен. Осы қаражат бірнеше күннің ішінде 300 пайызға дейінгі өсіммен қайтарылады делінген. Осылайша бірінің салған ақшасын екіншісіне беріп, қызу табыс бір ай бойы жүріп келген. Бүгінде арыз жазып үлгерген адамдардың шығыны 3 миллион 700 мың теңге. Олардың қарасы көбейсе, келген шығын да артуы мүмкін. Бір қызығы,  әйел бұрын да қаржы пирамидасын құрағаны үшін істі болып, шартты жаза алған көрінеді. Бірақ одан сабақ алмағанға ұқсайды.  

Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі:

- Қазір «Люкс чат», «Чек чат», «Люкс 100%», «Люкс чат», «Вклад 50%» деп аталатын чаттар салымшыларын анықтауға бағытталған әрекеттер жүргізілуде. Ақша банктік қосымша арқылы аударылған. Күдікті ұсталып оған қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде