{metadescription}
Теміртауда жылу жүйесіндегі құрал-жабдық жаппай ұрланып жатыр
Теміртауда жылу жүйесіндегі құрал-жабдық жаппай ұрланып жатыр

Теміртауда жылу жүйесіндегі құрал-жабдық жаппай ұрланып жатыр

Теміртауда жылу жүйесіндегі су қысымын төмендетуге арналған бұрандалар мен редукторлар жаппай қолды болып жатыр. Салдарынан құбырларға құйылып жатқан су қаланың әр жерінен атылуда. Коммуналдық мекеме өкілдері ұрлық тоқтамаса, жылу маусымында қиындықтар болатынын айтады.

Кеше Теміртаудағы Тищенко көшесінде атқылаған су біраз жерді алды. Қызыл су жертөлелерге де кіріп, қозғалысты да қиындатып жіберді. Сөйтсе белгісіз біреулер жүйедегі қысымды түсіруге арналған бұранданы түбімен ағытып алып кетіпті. 

Ақаумен алысқан коммуналдық мекемеде аталған жағдай жүйені толтыруға кедергі болғанын айтады. Жылу беру маусымының алдында осындай 10 -нан аса жағдай тіркелген. Одан бөлек, жаңа төсеген құбырлардағы электрқозғалтқыштары мен 10 -нан аса редуктор қолды болған. Бұл бұйымдар металл қабылдағыштардан басқа жерге жарамайды дейді мамандар.

Аталған қылмыстар бойынша арыз жазылғанымен, жергілікті полиция оның біреуін де ашпапты. Коммуналдық мекеме онсыз да қыстан әрең шығатын қалада ұрлық тоқтамаса, жағдай қиындайды деп отыр.

Владислав Ким, «Оқжетпес» ЖШС техникалық директоры:

- Жылдың басынан бес жерде ұрлық болды. Ол редукторлар, винтильдер, 600, 800 миллистердік құбырлардың бұрандаларының электрқозғалтқыштары және үнемі құбырлардың талқандалыуы кездеседі. Қолды болған монометртлерді санаудан қалдық. Бұл соңғы екі жылда үдеп кетті. Полициядан әзірге нәтиже жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде