{metadescription}
Петропавлда үйлерге монтаж жүргізген мердігер компания ақысын ала алмай жүр
Петропавлда үйлерге монтаж жүргізген мердігер компания ақысын ала алмай жүр

Петропавлда үйлерге монтаж жүргізген мердігер компания ақысын ала алмай жүр

Іс тынғасын ақшасыз қалдырды! Петропавлдағы «Береке» шағын ауданында алты үйдің монтаж жұмысын жүргізген мердігер компания әкімдікке шағымын жеткізді. Айтуларынша, қолында келісімшарт болса да, әлі күнге атқарған жұмыстың ақшасын ала алмай сандалуда.

Құрылыс материалдарының 50-60 пайызға қымбаттауына байланысты бастапқы сметаға өзгеріс енгізу туралы мердігерлер тапсырыс берушіге өтінім берген. Алайда «келісімшартқа қол қоя беріңіздер, уақыты жақындағанда ұзартамыз» деген әкімдік тарапы қаржы бөлетін кезде сөзінен айнып кеткен көрінеді.  

Ертай Ажайыпов, «Мөлдір» ЖШС директоры:

- Биыл істеген жұмыстан ақшасын ала алмай отырмын. Шамамен алты үйге, екі объектіге 150 миллиондай. Өзім материалдарды сатып алып сол жерге орнаттық. Жұмысымызды істедік. Сол жерде біздің сатып алған материалдарға жұмыстың ақшасын ала алмай отырмын.

Қожа Еспан, бригадир:

- Жұмыс істеген жұмысшылардың айлығын, ақшасын, еңбекақысын бере алмай отырмыз.  280-300 мыңнан алатын. Бізді күштеп, зорлап, полиция шақырып, бізді объектіден күштеп шығарды.

Жалақысыз сенделген жұмысшылар Алматыдағы мердігер компанияның бас кеңсесін жағалап жүр. Жұмыс берушінің қолынан келер қайран жоқ. Айтуларынша, олар үйдің 70-80 пайызын бітірген. Ең күрделі  жұмыстарды аяқтапты.

Алайда тапсырыс берушілер ақшасын аударатын кезде, келісімшартты бір жақты бұзып, құрылысы бітуге жақындаған нысанды әрі қарай басқа бір компанияға бере салыпты.

Осы жағдайға қатысты қазір Петропавлда сот жүріп жатыр. Тығырыққа тірелген мердігер мәселе әділ шешімін таппаса, арашаны Жоғарғы соттан сұрамақ. Ал бұл мәселедегі жергілікті әкімдіктің пікірі мүлде бөлек. Ешқандай ақша қарыз емес екенін алға тартады.

Әсем Айтулова, Петропавл әкімдігінің баспасөз хатшысы:

- Олардан бізге келіп түскен акттарға байланысты 400 миллионнан астам теңге толығымен мердігер компанияға төленді. Бүгінгі таңда ол жердегі жұмысты басқа мердігер компания атқарып жатыр. Әкімдік тарапынан екі келісімшарт бойынша, яғни «Береке» ықшамауданындағы алты үйдегі инфрақұрылым мен абаттандыру жұмыстары бойынша келісімшарт бұзылған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде