{metadescription}
Ақмола облысындағы мешітсіз Молодежное ауылына мешіт салынды
Ақмола облысындағы мешітсіз Молодежное ауылына мешіт салынды

Ақмола облысындағы мешітсіз Молодежное ауылына мешіт салынды

Елдімекенге бұрынғы Самарбай атауын қайтара алмай жүрген жұрт алдымен ауылға мешіт салуды жөн көрген. Күмбезін күн сүйген, аппақ ғимаратты тұрғындар өз қаражатына тұрғызыпты. Халықтың тірнектеп жинаған ақшасы мен күш мүмкіндіктеріне қарай бес жыл уақыт кеткен. Әр кірпішін өз қолымен қалап, бұл игі істі ауыл болып атқарған.

Салтанатпен ашылған Алланың үйі бұл ауылда бұрын-соңды болмапты. Жаңа мешітті «әр Рахман» яғни, ерекше мейірімді, Алла тағаланың мейірімі деп атаған.  Көптен күткен қуанышқа жиналған  жамағат осы күні алғашқы жұма намазын жаңа мешітте оқуға асықты.

Сайлау Мұқышев, Молодежное ауылының тұрғыны:

- Иә, бұл күні халықтың көптен бері армандаған арманы ақталды.Қуаныштан алыстанжақыннан ағайын келіп жатыр. Ал енді мына мешіт бұрын медпункт болған. Үлкен, өзіміз салғанбыз. Енді осының орнына мынадай мешіт салыпты.Қандай әдемі, ішінде жуынатын жері де бар. Намаз оқитын жері бар екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде