{metadescription}
Қаңтар оқиғасы: Әкімдік пен президент резиденциясына шабуылға қатысты сот басталды
Қаңтар оқиғасы: Әкімдік пен президент резиденциясына шабуылға қатысты сот басталды

Қаңтар оқиғасы: Әкімдік пен президент резиденциясына шабуылға қатысты сот басталды

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде әкімдік пен президент резиденциясына жасалған шабуыл бойынша басты сот отырысы басталды. Айыпталушы орындығында 11 адам. Оларға «жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты», «ғимаратқа шабуылдады», «билік өкіліне күш көрсетті» деген баптар бойынша іс қозғалған.

Жауапқа тартылғалы жатқандардың алды 53 жаста, ең кішісі - 22-де. Біреуі абақтыға қамалған. Екіншісі үй қамақта отыр. Жәбірленушіден тек екеуі ғана келді. Тізім бойынша әлдеқайда көп екен.

Бүгінгі процесте прокурор айыптау актісін оқып шықты. Қолындағы бір бума қағаздағы мәтінді қысқартып шамамен 1 сағат 12 минутта аяқтады. Тағылған айыпты 11-нің жетеуі жартылай ғана мойындаса, төртеуі түбегейлі келіспеді.

Еске салайық, Алматыдағы наразылық былтыр 5 қаңтар күні басталған. Халық нөпірі Республика алаңына жеткенде бейберекетсіздік басталып, соңында әкімдік пен президент резиденциясына шабуыл жасалды. Шенеуніктер айтқан соңғы мәліметке сүйнсек, бір ғана әкімдік ғимаратына 20 миллиард теңгенің шығыны келген.

Рахат Естебек, мемлекеттік айыптаушы:

- Жандарбеков Ақжол Смайылұлы ҚР ҚК 272-бап, 2-бөлігіне қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық жасады. Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлікті жоюмен, атыс қарумен, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкіліне қарулы қақтығыс көрсетумен ұласқан жаппай тәртіпсіздікке қатысты. ҚР ҚК 269-бабы 3-бөлігімен қарасытырылған қылмыстық құқықбұзушылық жасады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде