{metadescription}
Астанада аялдамадағы адамдарды көлік таптап кетті
Астанада аялдамадағы адамдарды көлік таптап кетті

Астанада аялдамадағы адамдарды көлік таптап кетті

Астанада көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аялдамадағы адамдарды таптады. Сегіз тұрғын түрлі жарақат алып ауруханаға жеткізілген. Арасында бес жасар қыз бар.

Негізі жол апатына жылдамдықты түсірмеген жүргізушімен қоса, жолақ ауыстырған басқа көлік жүргізушісі де кінәлі болуы мүмкін.

Таңғы сегіз жарым кезі. Астаналықтар автобусын күтіп тұрған сәтте кенеттен жеңіл көлік аялдамаға соғылып, бірнеше адамды таптап кетті. Қатты соққыдан кейбірін тіпті бірнеше метрге ұшырып жіберген.

Бұл аялдамада адам қарасы үзілген емес. Және қоғамдық көлікке отыратындардың көбі балалар. Себебі жақын маңда мектеп пен балабақша бар.

- Білмеймін, не айтатынымды. Жаман қорқып қалдым. Мен тек жедел жәрдемді көрдім, адамдарды әкеткенін. Алыстан көрдім, келе жатқанын, мына жерде тұрдық. Қорқынышты, аялдамаға кеп тұрған да.

Аялдаманың қазіргі сиқы осы. Темірлері майысып, шынылары сынып, құлауға шақ тұр. Ал көлікті оқиға орнынан алып кетті десе де көліктің майы мен бөлшектері осы тұста және бірнеше жерде адам қанының іздерін көріп тұрмыз.

Жедел жәрдем көлігі 9-ға таяу келіп, жеті адамды дереу қалалық, ал бес жасар қызды балалар ауруханасына жеткізді. Әйтеуір бәрі аман. Алты адам дәрігерлердің ұсыныстарымен амбулаторлық бақылауға шығарылған. Ал 39 және 58 жастағы әйел адам әлі бірнеше апта ем алуы тиіс.

Айдос Бердібеков, №1 Көпбейінді аурухананың травматологы:

- Екі науқастың жағдайы тұрақты. Емделу өздерінің еркіндігімен. Бәрі жақсы. Аяқ, дене, бұлшық еттері, көгерген жері бар.Қауіп төндіретін ешнәрсе жоқ. Бақылауда.

Апат болған сәт көшедегі бақылау камерасына анық түсіп қалған. Сондықтан полицияға кінәліні анықтау қиынға соққан жоқ.

Елжан Шөпеков, Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

- 29 қыркүйекте сағат 08:31де Mеrcedes-Benz автокөлігі Байтұрсынұлы көшесімен Жүргенов көшесіне қарай келе жатып, жолақ ауыстырар кезде өз бетімен кетіп бара жатқан Mazda көлігіне апат жағдайын туындатқан. Салдарынан Mazda көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалып, аялдамаға соғылған. Жолкөлік оқиғасы бойынша жауап алынып жатыр.

Жол бермеген әрі соның кесірінен аялдамаға соғылған көліктің жүргізушісіне қандай айып тағылатынын тергеу амалдарынан кейін анықталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде