{metadescription}
Каspi.kz: Алматы марафоны жылдан-жылға дамып, қатысушылар көбейіп барады
Каspi.kz: Алматы марафоны жылдан-жылға дамып, қатысушылар көбейіп барады

Каspi.kz: Алматы марафоны жылдан-жылға дамып, қатысушылар көбейіп барады

Өткен жексенбіде Орталық Азиядағы ең ауқымды жарыс «Алматы марафоны» өтті. Биыл он екінші рет ұйымдастырылған спорт мерекесіне 15 мыңнан астам адам қатысты. Марафонға отандастарымызбен қатар 50 елден келген әуесқой және кәсіпқой спортшылар да бақ сынады. Қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлаған бұқаралық шараның титулды демеушісі – Каspi.kz.

Таңғы сағат жеті. Республика алаңына жиналған қатысушылардың көңіл күйі көтеріңкі. Олар 10,21 және 42 шақырым қашықтықты бағындыруы тиіс. «Алматы марафонына» алғаш рет қатысып отырғандар мен жыл сайын жүгіруді әдетке айналдырғандардың жас ерекшелігі де әртүрлі.

Талғат Төлеубаев:

Көп рахмет айтамын, ұйымдастырушыларға. Жылына бір рет болады ғой. Жылына екі рет болса да артық болмайды. Бұл енді артымыздан өсіп келе жатқан ұрпағымызға үлгі. Мына жерде жастар мен үлкен қарттар жүгіріп жатыр. Қандай керемет!

Орталық Азиядағы ең ауқымды шараның аясында жүгіруден 35 жастан асқан спортшылар арасында он шақырым қашықтықта Қазақстан чемпионаты да өтті. Әуесқойлармен қатар сынға түскен кәсіпқой желаяқтар рекорд жаңарту үшін аянып қалмады. Скандинавиялық жүрістен 600 адам бір мезетте мәреге жетіп Қазақстанның рекордтар кітабына енді.Экиден командалық эстафетада 70-тен астам команда бақ сынады. Олардың арасында жарыстың титулды демеушісі - Kaspi.kz командасы да бар.

Еркебұлан Сағынбаев:

Бүгін біз командамен 42 шақырым жүгірдік. Алты мүше командада. Команда өзінің жеке рекордын жаңартты. 2 сағат 33 минутта 42 шақырымды жүгіріп өтті. Көңілкүй керемет! Марафон жылдан-жылға дамып келе жатыр. Қатысушылар саны өсіп жатыр.

Максим Виноградов:

Жаңа жол, жаңа бағыт, жаңа меже. Барлығы өте қызықты. Каспий, сіздерге көпкөп рахмет!

Расымен де, қала тұрғындары мен қонақтарына естен кетпес әсер сыйлаған биылғы спорттық мерекеге 15 мыңнан астам адам қатысты. Жүгіруге жаны құмар жандар бұқаралық шарадан тыс қалмау үшін еліміздің түкпір-түкпірінен жеткен. Мұнда шекара асып, 50 елден арнайы келгендер де бар.

Ануарбек Жәлел:

Бұл менің өмірімдегі екінші марафон. Дым дайындықсыз, тек атмосфера үшін, осындай тамаша күнді өткізу үшін Алматыға Астанадан арнайы келдім. Мұндай шаралардың көп болғаны біздің халыққа өте пайдалы.

Динара Мұсабаева:

Осы марафонға қатысқалы менің ақша жағым өсуде. Өйткені тікелей байланысы бар. Сіздің физикалық, менталдық және материалдық байланысыңыз. Келесі жылы екі есе көп болады деп сенемін, ойлаймын, өзім үлес қосамын.

Жарыс соңында қатысушылардың барлығы естелік медальдармен марапатталды. Алғашқы үштікке берілетін жүлде қоры 200 және 700 мың теңге аралығында. Бастапқы жарнадан түскен қаржының бір бөлігі қайырымдылыққа жұмсалады.

«Алматы марафоны» басталған уақыттан бері балаларды сауықтыру мен спортты қолдауға қатысты 25 ірі жоба жүзеге асырылыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.