{metadescription}
Алматыда алты айда мың жарым баладан қызылша шықты
Алматыда алты айда мың жарым баладан қызылша шықты

Алматыда алты айда мың жарым баладан қызылша шықты

Елімізде қызылша дерті дендеп тұр. Науқастардың 85 пайызы — 14 жасқа толмаған балалар. Қызылша ауруы әсіресе Алматыда өршіген. Былтыр бірде бір дерек тіркелмеген шаһарда алты айда мың жарым баладан аталмыш вирус анықталған.

Тіпті эпидахуал ушыққан соң, Алматының кей мектептерінде бастауыш сыныптар екі аптаға онлайн оқуға көшіп жатыр. Жұқпалы инфекцияның таралу көрсеткіші Шымкент қаласы, Алматы, Жамбыл және Атырау облыстарында да өте жоғары. Дәрігерлер вакцинадан бас тартатын ата-аналардың кесірінен кесел көбіне жасөспірімдер арасында жылдам таралуда дейді. Оған қоса коронавирус пандемиясынан кейін бұл дертті жұқтыратындар әлем елдерінде де күрт көбейген.

Қазақстанда қызылшаға қарсы вакцина жеткілікті. Екпенің сапасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сертификаттарымен расталған дейді ақ халаттылар. Сондықтан медицина мамандары ата-аналарды балаларының денсаулығына бейжай қарамай, екпе салдыруға шақырады.

Айжан Есмағамбетова, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

Жыл сайын 78 мың баланың ата-анасы екпеден бас тартады. Соның кесірінен эпидахуал ушықты. Бізде жыл сайын 95 пайыз балалар қызылшаға қарсы вакцина салдырса жағдай қалыпты болар еді. Олар бес пайызды да қорғайды. Вирустың таралу қарқыны да бәсеңдейді. Бес жасқа дейінгі балаларда ауру тез асқынады. Сондықтан сақтанған жөн. Бізде осы кеселге қарсы үндістандық вакцинаны салады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде