{metadescription}
Жамбыл облысы: Жарылған снарядтан офицерлер жарақат алған 
Жамбыл облысы: Жарылған снарядтан офицерлер жарақат алған 

Жамбыл облысы: Жарылған снарядтан офицерлер жарақат алған 

Қарудың дұрыс атылмай, үш жауынгер жазым бола жаздады. Жамбылда облысындағы «Айша бибі» әскери полигонында снаряд жарылып, офицерлер жарақат алды. Ауруханаға жедел жеткізілген Ұлттық ұланның бір жауынгері Шымкентке жіберілсе, енді бірі Тараздағы жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан.

Ал 26 жастағы офицердің аяғы сыныпты. Ота жасалған қос жауынгердің беті бері қарады дейді дәрігерлер.

Тараз маңындағы полигонға жауынгерлер Ұлттық ұланның Шымкенттегі әскери бөлімінен келген. Оқу-жаттығу жиыны кезінде кенет артиллериялық қарулардың бірі дұрыс атылмай, 82 милиметрлік снаряд офицерлердің қасына құлаған.

Қазір әскери полиция осы оқиғаға қатысты тергеуді бастады. Ал жазатайым жағдайды командирлер көзбен көрсе де, оқиғаның қалай болғанын ашып айтпай отыр.

Марат Рахпанов, ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 6506 әскери бөлімінің командирі:

Оқужаттығу кезінде артиллериялық қаруды жоспарлы ату кезінде снаряд жарылды. Тергеуді Тараз гарнизонының әскери полициясы жүргізіп жатыр. Ал минометтердің барлығы қолдануға жарамды. Қанағаттандырарлық күйде. Офицерлер жарақатынан жазылған бойда қатарға қайта қосылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.