{metadescription}
Ақмола облысында жұмысшылардың жалақысын еселеп қысқартқан
Ақмола облысында жұмысшылардың жалақысын еселеп қысқартқан

Ақмола облысында жұмысшылардың жалақысын еселеп қысқартқан

«Өсіре ме десе, еселеп кескен». Ақмола облысында жалақысы қысқарған жұмысшылар наразылық білдірді. Астана - Қарағанды автожолын тазартып күтуге жауапты қызметкерлердің айлығы бірден елу пайызға азайыпты. «Онсыз да жырғап алатын екі жүз мыңымыз енді түсімізге кіріп жүр», - дейді ашынған жұрт.

Сөйтсе «Қазавтожолға» қарайтын қызметкерлер бір мезетте басқа компанияға ауысып кеткен. Және оны басшылық ескерткен де жоқ дейді жұмысшылар.

Дүйсенбі республикалық маңызы бар жолға жауапты мекеменің қызметкерлері үшін жағымсыз жаңалықпен басталды. «Қазавтожолға» қараған бұл ұжым кенеттен бірден басқа компания есебіне ауыса салады. Басшылығы ешкімді құлағдар етіп ескертуді жөн көрмеген.

Айлығы еселеп қысқарған қызметкерлер Астана-Қарағанды жолын күтіп, тазалауға жауапты. Сақылдаған сары аязда да, шілденің шіліңгірінде де табан салдырмай жол тазалау осы кісілердің міндеті. Айтуларынша, жанармай мен құрал-сайманның тапшылығына қарамастан, автобанды ақ ұлпа қар басып қалғанда тазаламаған күні болмаған. Айлық осыған дейін уақтылы беріліп, мереке күндері де сыйақы ешқашан кешеуілдемепті. Тек нағыз былық бір ай бұрын басталған.

Болат Амангелді жұмысшы:

Осы фирмалар ауысқан жағдайда, ешкім келіп бастықтардан түсіндірме жасаған жоқ. Аяқ астынан айлығымыз қысқарып қалды. Алдын ала өз бастықтарымыздан сұраған кезде, ешқандай өзгеріс болмайды. Аударыммен ауысады, айлықтарыңа еш өзгеріс кірмейді» деген.

Басшылық осы уақытқа дейін қызметкерлеріне келіп, бет-жүзін көрсетіп, жиналыс ашып, жағдайды түсіндіруге де жарымаған. Сөйтсе ,еш ескертусіз 200 қызметкерді «Қазавтожолдан» «ҚАЖ-Сервис» компаниясына ауыстыра салыпты. Тек жұрт айлықтарының алды елу пайызға, кейбірінікі 30 пайызға қысқарғанынын көріп шу шығарғанда ғана өре түрегелген. 

Сұлтан Тұрысбек, жұмысшы:

Менің төрт балам бар. 220 мың кредитім бар. Жұмыс өзі менде ғана. Сол үшін осы мәселені көтеріп жатырмыз. Қымбатшылық. Барлығы көтеріліп жатыр. Сонда біз ішімжемнен қалып жатырмыз ғой. Макарон да әпере алмай жатырмыз.

Тілшілермен бірге жарыса жеткен басшылар мәселені шешуге асықпайтын да сыңайлы. Мәселені ушықтырды деп, қызметкерлердің өзін кінәлады. Несиелерін саналамалап, көмір мен ас-ауқатқа әрең тиын-тебен тауып жүргенін айтып, қарамағындағыларға жекіп шыға келді. 

Замирбек Катпенов, «КАЖ Сервис» ЖШС бас директорының кеңесшісі:

Расын айтқанда, мен сіздерден аз аламын. Мен көтерілмеймін ғой. Жігіттер менде де отбасы бар, көмір керек, анау керек, мынау керек. Кредитім бар. Сендерге айтылды ғой, оны қайта қайта мыжи бергеннен бірдеңе шыға ма?!

Мұндай жауап ашулы жұмысшыларға ұнаған жоқ. Мәселе одан бетер ушыға бастаған соң ғана компания басшыларының жауабы да өзгерді. 

Ғалымжан Сейдімханов, «ҚАЖ-Сервис» ЖШС Қарағанды филиалының директоры:

Алған жалақыларыңды тура осылай «КажСервистен» аласыздар. Шарттан бөлек, Қазір қалып, барлығын егжейтегжей түсіндіріп өтейік.

Тараптар осылай ортақ мәмілеге келгендей болды. Тек талап сөз жүзінде қалса, 200 жұмысшы наразылығын жалғастыра бермек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.