{metadescription}
Жақынын жерлеуге шыққан алтауы ауруханаға түсті
Жақынын жерлеуге шыққан алтауы ауруханаға түсті

Жақынын жерлеуге шыққан алтауы ауруханаға түсті

Ақтөбе облысында мәйітті жерлеуге алып бара жатқан көлік автовозбен соғысты. Жол апатынан рульде болған 75 жастағы зейнеткер қаза тапқан. 

Оқиға Мәртөк ауданына қарасты Қаратоғай ауылы маңында болды. Газельде мәйітті қорымға апара жатқан алты адам болыпты. Ал көлікті тізгіндеген ақсақал қарсы жолдағы Скания автовозына жол бермей, бетпе-бет соғысады. Жүк көлігінің жүргізушісі, Беларусь елінің азаматы дін аман. Ал жақынын жерлеуге шыққан алты жолаушы ауруханада жатыр. Жедел жәрдем оларды облыс орталығындағы ауруханаға жеткізген. Көлікте болған мәйітті сол күні жерледі.

Артур Әбдрешов, Ақтөбе облысы жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары:

Скания және Газель жүк көліктерінің жолкөлік оқиғасы орын алды. Газель жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза болып, жарақат алғанн алты жолаушы Ақтөбенің ауруханасына жеткізілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде