Емдік дәрі шығаруға болатын шаян аулағандар ұсталды
Еліміздің солтүстігінде емдік дәрі шығаруға пайдаланатын ерекше шаян аулағандар ұсталды. Олар артемия салина су жәндігінің 15 тоннасын жинаған.
Автор: Жаңалық Ахаш
02.10.2023
Бұған дейін осыншама ірі көлемде ерекше шаянды аулаған қарақшылар болмады дейді тәртіп сақшылары. Әккі броконьерлерді ұстауға Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері, «Арлан» мен арнайы жасақ сарбаздары тартылған. Күдіктілер Мамлют ауданындағы көлдерге ау салып отырған. Олжасын сол маңдағы өндірістік қойма мен жер үйдің біріне жинапты. Броконьерлерді ұстау кезінде бірнеше қару-жарақ табылды. Макаров тапаншасынан бастап, оқ-дәрі, дыбыс шығармайтын ату құрылғысы да бар. 15 тонна артемия салинаны қайда жөнелтпек болғанын ешкім айтпайды. Дегенмен бұл су жәндігі Қытайда сұранысқа ие. Қымбат дәрі-дәрмек пен косметикалық препараттар әзірлейді. Ол ер адамдардың қуатын арттыруға пайдаланады екен.
Бейбіт Әлмұхамбетов, СҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бөлім бастығы:
- Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз аулау бойынша сотқа дейінгі тергептексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Барлық мән-жайды жан-жақты объективті зерделеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Келтірілген шығын сомасы шамамен 150 миллион теңгені құрайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!