{metadescription}
Баласына қан құйғызудан бас тартқан ерлі-зайыптыларға қылмыстық іс қозғалды
Баласына қан құйғызудан бас тартқан ерлі-зайыптыларға қылмыстық іс қозғалды

Баласына қан құйғызудан бас тартқан ерлі-зайыптыларға қылмыстық іс қозғалды

Перзентіне қан құйғызудан бас тартқан көкшетаулық ерлі-зайыптыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр деді бүгін ішкі істер министрінің орынбасары. Соның нәтижесіне қарай марқұм сәбидің ата-анасымен қоса дәрігерлер де жауапқа тартылуы мүмкін екен.

Марат Қожаев, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары:

Бұл дерек сотқа дейінгі тергептексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі таңда қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша дәрігерлердің және ата-ананың әрекеттеріне баға берілетін болады. Бастапқы деректерге сәйкес, баланың ата-анасы белгілі бір діни ағымды ұстанады. Сол себептен олар қан құйғызуға қарсылық білдірген. Өлімнің себебін анықтайтын сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Ақмола облысы балалар ауруханасында ата-анасы науқас сәбиіне қан құйғызудан бас тартқан. Дәрігерлер қан құймаса баланың жағдайы нашарлай беретінін әке-шешесіне ескертіпті. Мұны құлағына ілмеген ерлі-зайыптылар діни ұстанымдарына қарама-қайшы екенін айтып, рұқсатын бермей қойған. «Йегова куәгерлері» ағымының жетегінде жүрген олар «біздің дін бойынша қан компоненттерін құю өмірді құюмен тең» деп жауап қатты дейді дәрігерлер. Артынша, кішкентай науқастың жағдайы күрт ауырлап, ауруханада жан тапсырған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде