{metadescription}
Қарағанды облысында болған ұшақ апатының себептері
Қарағанды облысында болған ұшақ апатының себептері

Қарағанды облысында болған ұшақ апатының себептері

Қарағанды облысындағы ұшақ апатының бірнеше себебі аталды. Азаматтық авиция комитетінің мәліметінше, апаттан кейін тергеу амалдары бірден басталған.

Оқиға орнына барған мамандар ұшақтың құлауына техниканың істен шығуы мүмкін деген болжам айтады. Сондай-ақ адами фактор мен сыртқы әсерлердің де кесірінен апаттың орын алуы мүмкін деген нұсқаны жоққа шығаруға болмайды.

30 қыркүйекте Қарағанды облысында UPLA286 ұшағы таңғы сегіздерде байланысқа шықпай қалған болатын. Кейін іздестіру жұмысы барысында күл-талқаны шығып қираған әуе кемесі мен қаза болған екі адамның денесі табылған-ды.

Талғат Ластаев, Азаматтық авиация комитетінің төрағасы:

Апаттан кейін тергеу амалдары бірден басталды. Оқиға орнына мамандар барды. Әуедегі ұшақ апаты бойынша негізі үш нұсқа қарастырылады. Ол адами фактор, техниканың істен шығуы, және сыртқы әсерлер. Нұсқаушы ұшқыш тәжірибелі болды. Әуеде 1097 сағат ұшқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде