{metadescription}
Сырым Шәріпханов: Жала жапқандар жазадан құтылмайды
Сырым Шәріпханов: Жала жапқандар жазадан құтылмайды

Сырым Шәріпханов: Жала жапқандар жазадан құтылмайды

Жала жапқандар жазадан құтылмайды. Төтенше жағдайлар министрі өзін жемқорлыққа қатысы бар деп айыптап отырғандарды сотқа бермек. Сырым Шәріпханов бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін мәлімдеді.

Сырым Шәріпханов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

Шынымен де, сондай үндеу болған. Біз кеше ресми жауап бердік. Менің ұстанымым адал өмір сүріп, адал еңбек ету. Осы лауазымдағы жұмысқа кірісіп бастаған кездеақ осылай айтқам. Сондықтан ол үндеуде көрсетілген фактілер орынсыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен тығыз жұмыс істейміз. Фактілер анықталған жағдайда жауаптылар жазаланады. Ал егер бұл жала екенін мәлім болса, мәлімет таратушыны сотқа беру мәселесі бекітілген тәртіп бойынша жасалады.

Айта кетейік, күні кеше бұрынғы азаматтық қорғау қызметкері Зуялхан Гасановтың даулы мәлімдемесі күллі елді шулатқан еді. Ол Түркістан облысының құтқарушыларынан министр Сырым Шәріпхановқа ақша жиналып жатқанын айтқан. Кейін төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып, жоққа шығарды. Зуялхан Гасановтің өзі 2022 жылы жала жапқаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылған екен. Бұл азамат қазір азаматтық қорғау органдарында қызмет етпейді дейді министрліктегілер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.