{metadescription}
Оралдағы өнер мектебінің шатырында газ баллоны жарылған
Оралдағы өнер мектебінің шатырында газ баллоны жарылған

Оралдағы өнер мектебінің шатырында газ баллоны жарылған

Оралдағы өнер мектебінен өрт шықты. Білім ошағының шатырына жұмысшылар қара қағаз төсеп, битум құйып жатқан. От тұтанғанда сол жердегі газ баллонына тиіп жарылыс болды.

Сағат Тұяқова:

Үйде жаңалықтар қарап отыр едік, гүрс еткен жарылыс болды. Кішкентай марғауыма дейін терезеге жүгірді. Қызым бірдеңе болды деп орнынан атып тұрды. Осы маңда мектеп те, балабақша да қатар орналасқан. Кішкентай бөбектерін алып адамдар көп жүреді. Құдайға шүкір, адамдар аман екен.

Оқиға Оралдың шетіндегі Деркөл ауылында болды. Жұмысшылар шатырды жөндеу кезінде битумды от жағып ерітпекші болған. Қарамай толы қазан отқа оранып төбеге жайылған. Тілсіз жау газ баллонына тиіп жарылыс болған. Абырой болғанда, ол күні өнер мектебінде сабақ аяқталып, ғимаратта ешкім болмапты. Білім ошағына жапсарлас орналасқан бес қабатты үйге де қауіп төнген. Дегенмен өрт сөндірушілер жалынды дер уақытында сөндіріп үлгерген. Қазір мектептің іші дым болмағандай тап‑таза. Тек ыстың иісі ғана бар. Жұмысшылар өрт сөндіру кезінде сынған терезелерді қайта жаңартып жатыр. Ал өрттің кімнің кесірінен шыққанын тергеушілер анықтайды.

Әлішекр Рафих, БҚО ТЖД аға анықтаушы:

Шатыр материалын төсегенде жарылыс болған. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында көрші орналасқан ғимарттарға өтуіне жол берілмеді. Себептері анықталуда. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде