{metadescription}
Таразда жатақхана өртеніп, 42 жастағы тұрғын мерт болды
Таразда жатақхана өртеніп, 42 жастағы тұрғын мерт болды

Таразда жатақхана өртеніп, 42 жастағы тұрғын мерт болды

Таразда жатақхана өртеніп, бір адам қызыл жалын құрсауында қалып қойды. Түтінге тұншыққан 42 жастағы тұрғын сол мезетте көз жұмған. Құтқарушылар 50 адамды қауіпсіз жерге көшіріп үлгергенімен, тағы екі тұрғынды күйік шалыпты. 21 және 41 жастағы науқастар қазір ауруханада жатыр.

Өрт түнгі сағат үш шамасында Қарасу шағынауданынындағы төрт қабатты ғимаратта тұтанған. Алапат өрт жатақханадағы бірнеше бөлмені шарпыған. 50 құтқарушы мен 14 арнайы техника жұмылдырылған. Қызыл жалынмен арпалысып жүргенде өрт сөндіру бөлімінің бір қызметкерін күйік шалды. Жеңіл жарақат алған командир емделіп жатыр. Ал үш жарым сағатқа созылған оттың қалай және неден пайда болғаны әзірге белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде