Қарағанды іргесінде тауық қалдықтары тау болып үйіліп жатыр
Қарағанды іргесінен тау болып үйілген тауық қалдықтары табылды. Экологтар мен полиция қанаттылардың іш-құрылысы мен сүйек-саяғын тастағандарды іздеп жатыр.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
03.10.2023
Далада саңырауқұлақ теріп жүргендер оны видеоға түсіріп алған. Тау болып үйілген сүйек-саяқ Қарағанды мен Үштөбе ауылының ортасында ағаштардың арасынан табылды.
Заңсыз қоқыс төгілген жерге жақын маңда ірі құс фабрикасы орналасқан. Қалдықтарға олардың қатысы бар-жоғын полиция анықтайды. Экология басқармасы кәнілілер анықталса, айыппұл арқалап, бүлдірген жерді тазалауға міндеттеледі дейді.
Айман Құлтаева, Қарағанды облысы экология басқармасы бастығының орныбасары:
- Департамент қалдықтарды жою мақсатында құзырлы органдарға хат жіберді. Тәртіп бұзушыларды анықтау мақсатында полиция департаментіне де хат жолданды. Қосымша ақпарат тағы да қосымша жіберіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!