{metadescription}
Петропавлда газ таситын көлік өртеніп, жүргізушісінің денесін күйік шалған
Петропавлда газ таситын көлік өртеніп, жүргізушісінің денесін күйік шалған

Петропавлда газ таситын көлік өртеніп, жүргізушісінің денесін күйік шалған

Петропавлда көгілдір отын тасымалдайтын көлік отқа оранды. 65 жастағы жүргізушінің денесін күйік шалып, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Газ құю бекеті тұрғын үйлерге тығыз орналасқандықтан, ол маңның күлі көкке ұшуы әбден мүмкін еді. Өйткені құтқарушылар келгенше, цистерна толы газбен келген жүк көлігі лаулап жанып жатқан. Өрт сөндірушілер бірден қаупі жоғары аумақтағы газ цистерналардың бұрандаларын жапқан. Полицияға бірден оқиға орнын қоршауға алды. Ал көлігі жана бастағанда апаттың алдын алуға ұмтылған жүргізушінің денесі 80 пайызға күйіп қалған. Ол ауыр жағдайда ауруханаға жөнелтілген. 9 өрт сөндіруге көлігі мен 43 құтқарушы жұмылдырылды.

Аслан Ахметжанов, СҚО ТЖД басқарма бастығы:

Өрт ошағына жақындау аса қиындық туғызды. Өйткені бұрандаларды жапқанға дейін көмірсутекті газ бөлініп, жан жағы өршелене жанып жатты. Әйтеуір, жарылған жоқ. Ол жерде 10 тонналық цистерна мен газ құю бекеті тұрған. Қазір шыққан шығын есептеліп, тексеріс басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде