Мұздай суға секірген ержүрек Еламанға елі тәнті
Қарағанды облысы Шет ауданының тұрғыны Еламан Одесханның ерлігі халқын тәнті етті. Ауылдастары оны марапатқа да лайық деп отыр. 30 жастағы жігіт ауыл маңындағы су қоймасында қайықтары аударылып, батып жатқандарды құтқару үшін мұздай суға секірген.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
03.10.2023
Еламан сол күні бәйгеге атын жаратып жүрген екен. Су қоймасында көмекке шақырып қарлығып жатқандарды көре сала, шешініп, суға күмп беріпті. Дегенмен ол тұншыққан екеудің біреуіне ғана жетіп үлгерді. Екіншісі су бетінен көрінбей қалған. Суға кеткен 27 жастағы Қызылорда қаласының тұрғынын құтқарушылар кейін тапты. Ал Еламан алып шыққан жігіт Түркістан облысының тумасы. Олар Батық ауылына қонаққа келіп, қайықпен балық аулауға шыққан екен.
Ерлікке барған жігіт судың суығынан аяқ-қолым тартылып қала ма деп қорыққанымды жасырмаймын дейді. Бірақ адамның жанайқайы оны алға итермелей берген. 50 метрге дейін жүзіп барып, сәл болмаса, көзден таса болғалы тұрған жігітке әйтеуір қолы ілінген.
Еламан Одесхан:
- Жағаға сүйреп алып шықтым. Жағаға шыққанда алғашқы көмекті жасадым, кеудесіне дем беріп, жанына қисайтып. , Суды құсып, демалып, айғайлып, «Райым қайда» деп. Сабырға шықырып, батып кеткенін түсіндірдім. Амал қанша, екінші баланы құтқара алмадым. Үлгере алмадым ...
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!