{metadescription}
Салафизм мен уахабизм. Мәжілісте жат ағымдар мәселесі көтерілді
Салафизм мен уахабизм. Мәжілісте жат ағымдар мәселесі көтерілді

Салафизм мен уахабизм. Мәжілісте жат ағымдар мәселесі көтерілді

Салафизм мен уахабизмді қолдайтындар қатарында жоғары лауазымды шенеуніктер де бар. Үлкен мінберде айтыла бермейтін жат ағымдардың жайы бүгін Мәжілісте қозғалды. Және бір емес, бірнеше фракцияның депутаты дабыл қақты.

"Мемлекет діннен, дін мемлекеттен бөлек" деп, сырттай бақылап, самарқау отыруға болмайды деген депутат Ермұрат Бапи премьер-министр мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасынан қалыптасқан күрделі жағдайға төтеп беруге қарсы қандай іс-қимыл жоспары барын сұрады.

Ермұрат Бапи, Мәжіліс депутаты:

- Бір өкініштісі,  бұл исламдық секта Қазақстанның біраз аймағында, әсіресе Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Ұлытау, Алматы өңірінде етек жайып барады. Бұл өңірлердің шағын бизнесін, әсіресе базар саудасы төңірегін уахабшылар салафизм идеясына табынушылар басып барады. Яғни, теріс сектаның дамуына кеңінен мүмкіндік беріп, жанжақты жағдай жасап отырған жергілікті билік өкілдері бар деген сөз. Сондай-ақ мемлекеттік биліктің өз ішінде де уахабизм мен жат ағымдарды насихаттауды қолдайтын лауазымды мемлекеттік қызметкерлер бар деген дерек менің құлағыма жетті.

Ермұрат Бапи қоғамда алауыздық туғызуға тырысқандар «домбыра харам», «беташар харам» деген бірнеше мысал келтірді. Бұл ретте теріс ағымдарға заңмен қатаң тыйым салатын кез жетті деп санайды өзге де халық қалаулылары. Парламентте көп жылдан бері теріс ағымдарға қатаң тосқауыл қоятын заң қабылдауды ұсынып, талай шырылдағандарын да еске салды. Кезінде тиісті заң қабылданғанда, елдің қауіпсіздігі мен тұтастығына нұқсан келмес еді деген өкініштерін де жасырмады. Теріс ағым өкілдері ұлтты жою күресін қатты қарқынмен жалғастырып жатқан сәтте дереу жұдырықтай жұмылып, қоғам болып, күрделі мәселеге төтеп беру үшін заң қатал болу керек деп санайды мәжілісмендер.

Қазыбек Иса, Мәжіліс депутаты:

- Қазір ән әлемінде, айтыста, спортта да тайраңдап жүрген жат ағымның өкілдері дінді жамылып алып, әріптестері мен әнсүйер, жанкүйерлеріне өз «салттарын» кіргізіп жатыр. Ұлттық мүддеміз бен дәстүрімізге, ел бірлігіне балта шауып, мемлекетке тағы да қатер төндіріп жатқан  діни теріс ағымдарға заңмен қатаң тыйым салу қажет! Бұдан кейін кеш болады!

Аманжол Әлтаев, Мәжіліс депутаты:

- Діни басқармада солқылдақтық көп. Көп мәселеге келген кезде діни басқарма не дейді деген кезде, имамдарымыз мүфтиден бастап, нақты айқын ойын айтудан тайсақтайтын тұстары бар. Сол кезде қоғам әртүрлі дүдәмәл сұрақтарға тап болады. Сондықтан осындай мәселелерге келген кезде біздің діни басқарма белсенді рөл атқаруы керек. Әрбір мешіттердегі уағыздарынан бастап, күнделікті қоғамдық ортада біздің имамдарымыз белсенді болу керек деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.