«Қазақтелекомның» әр басқарма мүшесі миллиондап сыйақы алған
Жұмыс сапасынан бұрын сыйақыға келгенде аянбаған! Ақшаны өзіне миллиондап жаздыратын ұлттық компания басшыларын бүгін мәжілісмендер сынады. Кей жерлерде тіпті бастықтардың сыйақысы, компанияның табысынан артып кеткен.
Автор: Айжан Шамшидин
04.10.2023
Депутат Ерлан Саиров бұл ретте «Қазақтелекомды» мысалға келтірді. Қызметі сыннан көз ашпайтын ұлттық компанияның әрбір басқарма мүшесі өзіне 105 млн теңгеден ақшалай сыйақы жаздырып отырған. Мұндай былық «Самұрық-Қазынаға» қарасты компаниялардың бірсыпырасында тіркелген. Осылайша атауында «ұлттық әл-ауқат қоры» деген жалғауы бар компанияның бірінші бастықтары жылдар бойы халықтың емес, өздерінің әл-ауқатын арттырып отырған дейді Саиров. Мәжілісмен депуттық сауалын Бас прокуратура мен Үкімет басшысына жолдады.
Ерлан Саиров Мәжіліс депутаты:
- «Қазақтелекомның» Есекеев басқаратын мүшелері жалпы 422 млн сыйақы алған. Әрбір мүшесіне 105 миллион теңгеден келеді. Біздің қарапайым халқымыз ұнның қымбаттауынан бір үзім нанға жарымай жүргенде, бұл неткен асқандық?! Мұндай ашкөздік біздің азаматтармыздың әділеттілік принциптеріне, сеніміне девальвация жасап, олардың заңды ашуын туғызары анық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!