{metadescription}
Жамбыл облысы: Екі ауыл екі компанияға екі рет ақша жинап, екі рет алданған
Жамбыл облысы: Екі ауыл екі компанияға екі рет ақша жинап, екі рет алданған

Жамбыл облысы: Екі ауыл екі компанияға екі рет ақша жинап, екі рет алданған

Ақша да жоқ, газ да жоқ. Жамбылда қос ауылдың халқы екі бірдей компанияға алданып қалды. Бар жиған-тергенін сегіз жыл бұрын көгілдір отыр келеді деп мердігерге берген жұрт әлі күнге көмір жағып жылынып отыр. Аузы күйгендер 2020 жылы екінші компанияға тағы ақша жинап берген. Сан сылтау айтқан серіктестік созбалаңға салып шаршатты дейді.

Сегіз жыл бұрын мердігердің сөзіне сенген Жанархан Дәуітқұлова соқыр тиынына дейін санап берген. Зейнеткер содан бері алдына келіп, көгілдір отын кіргіземін деген компанияның түрін де көрмедік дейді.

Жанархан Дәуітқұлова:

- 2015 жылы газ келеді дегеннен кейін кредит алып, 251 мың теңге төледік. Газ жоқ. 2020 жылы газ кіргізіп береміз деп, тағы да 100 мың төлеңіздер деді. Биыл отағасы екеуіміз көмір алып, әлі көмір жағып отырмыз.

Сан соғып қалған Қарасу ауылы округіндегі қос бірдей ауыл. 400-ге тарта түтіннің бес жылда 70 млн теңгесін жоқ қылғандар жауап берсін дейді жиналғандар. Плакатын алып жанайқайын жазған жұрт аудан атқамінерлеріне де ашулы. Мердігерлерге әмірі жүрмейтін әкімдіктің әрекетін айтпағанда, әкелгенінің бәрі сыннан көз ашпағанын айтады.

Бас көтерген бұқараның арасында екі айдан бері тірлігі тоқтап қалған компания өкілдері де бар.

Баян Қабылбекова:

- Жөндеп халықты неге газдандырмайсыздар? Халықтың бәрін шырылдатып, ақшасын жинап алдыңыздар. Шартты алдыңыздар, алдап, халықтың ақшасын алып кеттіңіздер. Солай бола ма екен? Әй, баламау, мынау не деген, шешімі табылмай ма?

Айқайдың астында қалған мердігер тағылған айыптың бәрін бұрынғы «ҚордайГазИнвест» серіктестігіне жапты. Айтуынша осы істің басын бастаған тұста жүргізген жеті жарым шақырым құбырдың бәрі жарамсыз болып шыққан. Енді бәрін қайта жаңалау керек болғандықтан, өзгеге сенгеніне өзі өкініп отыр.

Рүстем Айтбек, «ФИРМА СКН Строй» ЖШС директорының орынбасары:

- Оны «КазТрансГаз Аймақ» қабылдамай жатыр. Өйткені бұрын салынған. Бірақ ол құбыр түкке жарамсыз. Біз ауылды 50 пайыз газдандырып қойдық, жаңа құбырлармен. Енді қалған 50 пайыз бұрыңғы салынған құбырларға келіп тұрмыз. , Бірақ біз оны қазір қазып алып жатырмыз.

Ал ауылға ат ізін салмай кеткен алғашқы серіктестік әкімдікке тірлігінің тоқтауын теңгесі таусылғанымен түсіндіріпті. Тұрғындардан жаңбырша жауған арыздан кейін жұмысын «жалғастырамын» деген желеумен елдің сеніміне қайта кірген. Бірақ жеме-жемге келгенде, аудан билігімен де байланысын үзіпті. Атқамінерлер ендігі үмітті екінші мердігерге артып отыр.

Бақыт Сахатов, Қордай ауданы әкімінің орынбасары:

- Енді мердігердің айтуы бойынша, күн суытқанға дейін қоса бастаймыз деп жатыр. Ақша бергендерді бірінші мәрте, солармен жұмыс жасаймыз.

Қазір Қарасудағы мыңнан астам үйдің тең жартысына құбыр тартылған. Бірақ 130-ға жуығы ғана газ қолданып отыр. Әкімдік әзірге мердігерлерге бір тиын төлемегенімен, екі ортада қара халық зар илеп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.