{metadescription}
Алматыда самокаттағы баланы жүк көлігі басып кетті
Байқамай басып кеткен. Алматыда самокат тізгіндеген 13 жастағы баланы жүк көлігі таптап, мерт қылды.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
04.10.2023
Қайғылы оқиға Қазақ ұлттық университетінің маңайында болған. Жүк көлігінің жүргізушісі Тимирязев көшесімен келе жатып, оңға қарай бұрылады. Сол сәтте самокат тақымдаған жасөспірім тоқтап үлгермеді ме, әлде өткізеді деп ойлады ма, белгісіз. Әйтеуір жүк көлігінің астына кіріп кеткен. Езілген денесінің қалдықтарын мамандар сыпырып, күрекпен тазалады. Қазір сараптама тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!