{metadescription}
Әжесінің көңілдесі егіз бүлдіршіндерді зорлаған
Әжесінің көңілдесі егіз бүлдіршіндерді зорлаған

Әжесінің көңілдесі егіз бүлдіршіндерді зорлаған

Егіздерге азғындық жасаған өгей әке емес, нағашы әжесінің күйеуі! Алматы облысы Бақанас ауылында болған сұмдық жағдайға қатысты жаңа деректер ашылды. Қаршадай егіз қызға жыныстық сипаттағы зорлық көрсетті деп қамауға алынған еркек оларға әке емес, 43 жастағы әжесінің көңілдесі екен.

Ал қыздардың туған анасы небәрі жиырмалар шамасындағы келіншек. Өзі есірткіге тәуелді. Туған-туыстары түгел ішкілік пен нашақорлыққа салынып кеткен соң, бүлдіршіндердің тәрбиесі тұрмақ қауіпсіздігіне ешкім бас қатырып жатпаған сыңайлы.

Қазір қамаудағы Арсыланбек Қыдырбаев полицейлерге ұсталар күні шешесін шақырып, оқиғаның қалай болғанын айтып үлгерген екен. Келіні өз немересін күйеуінің қойнана салып берді деп отыр. Қорлық көрген егіздердің анасы есірткіге тәуелді дейді. Ал өзінің ішімдікке жақын екенін жасырмай айтып отыр.

Өгей немересін зорлады деп айыпталған 40 жастағы күдіктінің мас күйін көршілер сан мәрте көрген. Десе де отбасы тұйық болыпты. Ешкіммен араласпайды. Арсыланбек Қыдырбаевтің тұрақты жұмысы жоқ. Тек ауылда адам тасып күнелтіп келген.

Ал полицейлер екі күдіктінің ұсталғанын жеткізді. Ол егіздердің нағашы әжесі мен оның көңілдесі. Тергеу жалғасып жатыр.Екі қыз қазір анасымен осы ауылдағы ауруханада емделіп жатыр. Біреуіне ота жасалыпты.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Балалардың жағдайы орташа. Ауруханаға түскенде олардың зорлық көргенін дәрігерлер бірден анықтады. Полицияға да дереу хабар берілді. Алған жарақаттарына байланысты балаларға операция жасалды. Қазір өмірлеріне төніп тұрған қауіп жоқ. Медициналық көмекпен қатар, психологтар да жұмыс істеп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.