{metadescription}
Президент мектепке хиджаб кию мәселесіне нүкте қойды
Президент мектепке хиджаб кию мәселесіне нүкте қойды

Президент мектепке хиджаб кию мәселесіне нүкте қойды

Президент республикалық педагогтер съезінде қоғамда қызу талқыға түсіп дауға ұласқан мектептегі хиджаб кию мәселесіне нүкте қойды. «Қазақстан – зайырлы ел. Бұл қағида барлық жерде, соның ішінде, білім беру мекемелерінде қатаң сақталуға тиіс» деді мемлекет басшысы.

Діннің жайы бүгін парламенттің жоғары палатасында да айтылды. Нұртөре Жүсіп елдің бәрі хиджаб пен ниқаб киюі керек деген талап Конституциямызға қайшы екенін айтып, дабыл қағарлық мәселе жайлы премьер-министрге депутаттық сауал жолдады. Сенатор қоғамды ала тайдай бүлдіруге тырысқан жат ағымдардың ықпалынан қорғау үшін бірқатар ұсынысын да жік-жіктеп түсіндірді. Мәселен, аймақтарда дін істері басқармаларын бөлек, басқарма ретінде қайта ашып, олардың кадрлық әлеуетін күшейту керек. Сонымен қатар өңірлердегі жастар ресурс орталықтары жастарды деструктив ағымдардың ықпалынан сақтандыру бойынша кешенді іс–шаралар ұйымдастырылатын нысан болуы тиіс.

Сенатор елімізде сауатты теологтар мен имамдар жеткіліксіз екеніне алаңдаушылығын білдірді. Қазір Қазақстанда имамдарды дайындайтын бар-жоғы 9 медресе мен бір ғана университет бар. Бұл ретте өзге елге өз бетімен барып оқып келген азаматтардың дәстүрлі дінге сәйкестігі үлкен сұрақ тудырады.

Нұртөре Жүсіп, Сенат депутаты:

- Елімізде дінге қызығушылардың орташа жас мөлшері жасарып бара жатыр. Қазір бейресми деректерге қарағанда солардың 75% ашық интернет ресурстарды пайдаланады.Сарапшылар деструктивті діни идеологияның жетегінде кетудің бірден бір факторы – білімнің таяздығы, жұмыссыздық, кедейшіліктің белең алуын атап отыр. Өзімізге келер қауіпті байқасақ та, онымен күресте табындылық көрсете алмай отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.