{metadescription}
Семейде жылу құбырлары әлі жөнделіп бітпеген
Семейде жылу құбырлары әлі жөнделіп бітпеген

Семейде жылу құбырлары әлі жөнделіп бітпеген

Семейде жылу маусымы жылдағыдан кеш басталуы мүмкін. Себебі қытымыр қыс таяп қалса да, қаладағы жылу құбырлары әлі жөнделіп бітпеген.

Бүгін облыс әкімі қаланың қысқа дайындығын тексерді. Қазір шаһардағы жылу жүйелерінің 68 пайызы әбден тозған. Кейбір құбыр 40 жылдан бері жөндеу көрмепті. Барлығын жаңалауға 224 шақырым құбыр ауыстыру керек. Биыл соның бірсыпырасын қайта қалпына келтіру қолға алынған. Бірақ бұл жұмыс әбден қыс тақалғанда басталып отыр. Тіпті орталық жылу қазандықтары да жөнделіп біткен жоқ. Қысқа дайындықтың тым кеш басталуын шенеуніктер мемлекеттік сатып алудың кешіктірілгенімен түсіндірді.

Нұрлан Ұранхаев, Абай облысының әкімі:

- Осы жобаларымыз мамыр айында біткен. Бізде дайын жобалар болған жоқ. Осы жобалар біткеннен кейін, біз Үкіметтен қаражат сұраймыз. Сондықтан Үкіметке алғысымыз шексіз. Себебі 16,3 млрд теңге осы жылу жүйелерін жөндеуге бөлді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.