Олжабай батыр ауылындағы медпункттің жөндеуі жарты жылға созылған
Күнде ертеңнің кесірі! Ақмола облысының Олжабай батыр ауылында фельдшер-акушер пункттегі күрделі жөндеу жарты жылдан бері бітер емес.
Автор: Айғаным Достанбай
05.10.2023
Мердігер компания 9қыркүйекrt дейін ғимараттың ішкі жұмысын аяқтап, шатырын бүтіндеп беруі керек болған. Күнде берілетін уәдеден шаршаған тұрғындар енді кімге шағымданарын білмей отыр.
Көне ғимарат жаңарады дегенде ауыл тұрғындары бөркін аспанға атып қуанған. Бірақ одан бері 6-7 айдай уақыт өтсе де, нысан қабырғасы қақыраған күйде әлі тұр. Тұрғындар басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса, қайда барарымызды білмейміз деп, құрылыс жұмыстарының тезірек аяқталуын талап етуге.
Жөндеу жұмысына «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша 199 млн теңге бөлінген екен. Жауаптылардың сөзінше, сметалық құжатқа өзгерістер енгізілгеннен кейін экспертиза бірталай уақыт алыпты. Енді қазан айында толық тапсырылады деп отыр. Жауапты мердігер бұл елдімекенде үш бірдей нысанның тендерін ұтып алған. Үшеуінің де құрылысы уақтылы тапсырылмай, ауылдағыларды мезі қылған.
Аманкелді Төлепбергенов, Ереймтентау ауруханасы құрылыс-монтаж жұмыстарына жауапты инженер:
- Құрылысты тоқтатқан себебі, қабырғасын бекітуге сараптама шақыртқанбыз. Ол бір айға созылды. Шыққан соң қабырғасын бекітіп, сол. 15 адам жүр. Амандық болса, қазанға дейін бәрі бітіп қалады. Бір жұмадан кейін қазандық келіп, жұмысын бастайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!