{metadescription}
БАҚ пен блогерлерге лицензия беріле бастады
БАҚ пен блогерлерге лицензия беріле бастады

БАҚ пен блогерлерге лицензия беріле бастады

Бұқаралық ақпарат құралдары мен блогерлерге өзгенің фотосы мен видеосын пайдалануға лицензия беріле бастады. Осылайша авторлық құқық бойынша дауға қалудың қаупі азаяды. Бұл жаңашылдыққа құқық проблемасы бойынша шетелдік сарапшылар да оң бағасын берді.

Дмитрий Братусь, В. Ф. Яковлев атындағы университеттің доценті (Ресей):

- Мәселен, жаңалықтарға материал дайындауда ашық дерек көздерден түрлі фото жүктейсіз. Одан соң сізге шағым түсуі мүмкін. Авторлық құқыққа дау сол сәттен басталады. Ал ұжымдық басқару ұйымы кез келген БАҚ өкіліне цифрлық контентті қолдану үшін бір айлық, бір тоқсандық немесе бір жылдық  лицензия береді. Осылайша авторды іздеудің, одан рұқсат алудың қажеті туындамайды.

Ал лицензияны таратуға жауапты арнайы ұйым авторға қаламақы төлеуге міндеттеледі. Осы және өзге де өзекті мәселе бүгін бесінші рет өткен авторлық құқық бойынша халықаралық конференцияда талқыланды. Қатысушылар қазір көпшілік блогер мен БАҚ өкілдерінің авторға  сілтеме жасамай, материал пайдаланатынын атап өтті. Сондықтан, жиі дау туындайды.

Бүгінгі бас қосу барысында отандық және шетелдік білікті сарапшылар өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.

Қайрат Баянов, «Аманат» авторлық құқықты қорғау ұйымының Павлодар облысының филиал директоры:

- Қазақстанда әлі де болса авторлық құқықтарды жеткілікті деңгейде қорғалып жатыр деп есептемейміз. Бірақ сол мәселе бойынша қызмет істеуге дайынбыз. Әрі осы шетел мемлекеті болса, жақсы жағы болса, бізге пайдалы кеңестері болса, оны іске асыру үшін әрекет жасап жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.